Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Медиа Полиси» Қырғызстанда тәуелсіз басылымдарға қысымды тоқтатуды талап етті

KAZAKBOL.COM

«Медиа Полиси» институты Kaktus.media және Temirov Live каналына жасалған қысымға байланысты Қырғызстандағы тәуелсіз ақпарат құралдарын ақпарат кеңістігінен қуып шығу әрекеті болып жатқанын білдірді.

Бұл туралы институт 9 ақпанда мәлімдеме таратты.

«Kaktus.media басылымына қарсы акциялар Қырғызстандағы тәуелсіз ақпарат құралдарын ақпарат кеңістігінен жою үшін қоғамда түрлі әрекеттер болып жатыр. Билік өзіне қарсы айтылған сынға шыдамай, керісінше, сын айтқандарға қарсы қылмыстық іс қозғап жатыр. Бұған соңғы күндері Болот Темировке қозғалған қылмыстық істі мысалға келтірсек болады. Медиаға еркіндік беру – демократиялық қоғамда ашықтықтың ең негізгі кепілі. Журналистер коррупцияның бетін ашып, шенеуніктерге сұрақ қойып, билікті қоғам алдында есеп беруге шақырады», — деген мәлімдемеде.

Билік бұл мәлімдемеге қатысты түсініктеме бермеді.
9 ақпанда Kaktus.media басылымының алдында бірнеше адам қарсылық акциясына шығып, оның жабылуын және жауапқа тартылуын талап еткен.

27 қаңтарда Kaktus.media порталында қырғыз-тәжік шекарасындағы соңғы оқиғаға байланысты Тәжікстанның Asia Plus сайтының қарулы жанжалда қырғыз тарап бірінші болып оқ атқаны туралы ақпаратты көшіріп басқан.

Kaktus.media басылымның мақсаты – тәжік тарап қандай ақпараттық саясат жүргізіп жатқанын қырғыз қоғамына көрсету болғанын және кеткен қателік үшін қырғызстандықтардан кешірім сұраған.

Осы оқиғаға байланысты аталған басылымға қарсы «соғысты насихаттау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM