Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

МЕДИЦИНАЛЫҚ ТУРИЗМ ҚОЛҒА АЛЫНАДЫ

KAZAKBOL.COM

Енді таксистер арнайы тексерістен өтуі мүмкін. Өйткені таяқ тастам жерге 60-70 мың теңге сұрап құныққандар шетелдіктерді сөйтіп қорқытып алатын көрінеді. Одан бөлек елімізде медициналық туризмді дамыту қолға алынбақ. Ауыр диагнозы бар пациенттерді емдеу үшін бізде де барлық жағдай жасалған. Оны шетелдіктерді тартудың басты тетігіне айналдыруымыз керек дейді дәрігерлер. Тіпті сол үшін тур агенттіктерімен бірлесіп жұмыс жасауды жоспарлап қойыпты. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Не бір ұсыныстардың төресін, отандық туризм саласынан көресің. «Қазақстан аруын» өткізейік, экотуризмді қолға алайық, туристерді тойға апарайық дедік. Бірақ оның табысы өзіне кеткен шығынды да өтемеп еді. Мейлі, жұрттан қалмай туризм полициясын жасақтадық. Соған аямай қыруар қаржы да бөлдік. Алайда…

БЕЙСЕН ЖОЛБОЛДИЕВ, «АТАМЕКЕН» КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ СҰРАҚТАР БОЙЫНША БӨЛІМ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Енді бізге де сол, маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Осы мәселе тур операторлардан да көтерілген. Оларды арнайы даярлады. Ағылшын тілдерін үйретті. Енді сол ұсыныстар бойынша біз өз ұсыныстарымызды енгіздік.»

Бүгін елордалық кәсіпкерлер палатасы туризм саласындағы түйткілді мәселелерді шешу үшін бас қалада жиналыс өткізді. Сонда сөз болған ұсыныстардың ең қызықтарына тоқталайын. Енді таксистер арнайы тексерістен өтуге міндеттелуі мүмкін. Шетелдіктерге қаланы кәсіби таныстыру үшін гидтер де арнайы оқытылатын болады. Одан бөлек, медициналық туризмді дамытуға үлкен назар аударылмақ. Өйткені біздің ауруханалар ауыр диагноздағы пациенттерді қабылдауға қауқарлы. Шетелден еш кем емес, дейді дәрігерлер.

РУСЛАН ТІЛЕУБЕРГЕНОВ, ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ АҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТ ДАМЫТУ СЕКТОРЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ
«Шетелде жасалатын оталар бізде де жасалады. Қырғызстан, Өзбекстанмен салыстырғанда, біздің оталар жоғары деңгейде болады.»

Одан бөлек, қонақ-үйлер мен хостелдердің санын арттыру мәселесі де қозғалды. Бірақ әзірге бастамалардың барлығы тек бас қала бойынша ғана жүргізілді екен. Өйткені туристердің басым көпшілігі осында келеді. Алайда, халық қалаулары бұл жүйені өзгертетін уақыт жетті, дейді.

НҰРТӨРЕ ЖҮСІП, ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
«Алматы, ШҚО, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облысы. Осы 4-5 облысты бірінші кезекте алып, сол қаражаттың бәрін соған салып, сосын туристтік кластер үлгісін жасап алу керек. Ол жерде тарихи жерлер өте көп. Және халқы жұмыс істеуге бейім.»

Қысқасы,көздің жауын алар биік нысандар мен элиталы қонақ үйлер шетелдіктердің өздерінде де бар. Оларды онымен таңғалдыра алмайсың. Ал әдет ғұрып, салт-дәстүрімізбен таныстырып, тарихымызды айтсақ, сонда ғана аузын аштырып, көзін жұмдыра аламыз дейді депутат. Бүгін айтылған ұсыныстардың ең дұрысы осы болған сияқты.

Первый канал Евразия

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM