Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкентте «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» республикалық акциясы басталды

KAZAKBOL.COM

Ағымдағы жылдың 13-21 маусым аралығында Шымкент қаласы аумағында республикалық «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясы басталды. Басты мақсат – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын-алу, жолын кесу.

Осы орайда Шымкент ҚПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша қарқынды қызмет атқаруда. Инспекторлардың негізгі қызметі — тұрмыстық жағдайда әйелдерге зорлық-зомбылық жасаудың алдын алу, оларды болдырмау, болған жағдайда сол құқық бұзушылықтың анығына жетіп, тиісті шараларды қолдану болып табылады. Мүдделі мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп тұрғындар арасында профилактикалық сұхбаттар ұйымдастырылып, зардап шеккендер үшін іс-қимыл алгоритмі жазылған ақпараттық парақшалар таратылады. «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заң талаптары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Тәртіп сақшылары егер зорлық-зомбылықтың құрбаны немесе куәгері болған жағдайда міндетті түрде 102 қызметіне немесе 111, 150 қауырт желілеріне хабар беруді сұрайды.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM