Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Мегаполис полицейлері жоғалған екі жасар баланы 20 минутта үйіне қайтарды

KAZAKBOL.COM

Түнгі сағат 23:00 шамасында 102 сымтетігі арқылы Абай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласқан. Ол автобус аялдамасында кәмелетке толмаған баланың отырғаны туралы хабарлаған. Тұрғынның сөзінше, сәби сөйлей алмайтын көрінеді.

Оқиға орнына бірден Абай аудандық полиция бөлімінің ювеналдық полиция инспекторлары Еламан Сабиралиев пен Хамид Тұрсиметов жетіп, шұғыл түрде сәбидің туыстарын іздеуге кірісті.

Жоғалған баланы табу мақсатында қажетті деп танылған барлық жедел-іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды. Аудан көшелерін тексеріп, көрген-білген тұрғындардан сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 20 минуттың ішінде тәртіп сақшылары баланың анасын тапты. Ұлының жоғалғанын білгеннен кейін ата-ана тәуелсіз іздеу жұмыстарын жүргізген. Белгілі болғандай анасымен бірге аулаға серуендеуге шыққан бүлдіршін белгісіз бағытқа кетіп қалған болып шықты. Полицейлер баланы аман-есен ата-анасына табыстады.

Қала тұрғыны өз кезегінде полиция қызметкерлеріне іздестіру кезінде шапшаңдықпен әрекет еткендері үшін шынайы алғысын білдірді.

Балалардың қатысуымен болатын жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін мегаполис полицейлері қала тұрғындарын балаларына мұқият болуға және оларды қараусыз қалдырмауға шақырады.

Шымкент қ. ПД-нің баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM