Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Мексика президентінің Тәжікстан сатып алған Boeing 787 ұшағы Душанбеге жетті

KAZAKBOL.COM

Мексика президентінен Тәжікстан 92 млн долларға сатып алған «Boeing 787-8 Dreamliner» ұшағы 15 мамырда Душанбе әуежайына қонды.

Бұл жөнінде Nomadic Aviation Group компаниясының жауапты өкілі Боб Ален хабарлады.

Flight Radar ұшақтың Сан-Бернардино әуежайынан 15 мамыр күні таңертең ұшып, Душанбе әуежайына қонғанын көрсетіп тұр.

Тәжікстан билігі бұл ұшақтың сатып алғаны жөнінде әлі хабарламады. Дегенмен ұшақтың сыртындағы Тәжікстан туы мен елтаңбасы және «Tajikistan» деген жазуы осы елдің президенті Эмомали Рахмонның шетелге шығуға арналған әуе кемесі екенін аңғаруға болады. Тәжікстан президенті осыған дейін «Сомон Эйр» әуе компаниясының жеке ұшағымен ұшып келген.

Бір ай бұрын Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор экс-президент сатып алған ұшақтың сатылғанын мәлімдеген. Ол тәжік билігіне 92 млн долларға сатылғанын айтқан.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, Мексиканың бұрынғы президенті Фелипе Кальдерон аталған ұшаққа 2012 жылы тапсырыс берген. Ол кезде Boeing 787 Dreamliner ұшағын 220 млн долларға сатып алған. Алайда бұл ұшақ Мексикаға тек 2016 жылы елді Энрике Пенья Ньето басқарған кезде жеткен.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM