Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Мексикада 101 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады (видео)

KAZAKBOL.COM

Aeroméxico әуе компаниясының жолаушы ұшағы Мексикада апатқа ұшырады. Embraer 190 ұшағы Дуранго – Мехико бағыты бойынша ұшып келе жатқан, бортында 97 жолаушы және экипаждың төрт мүшесі болған.

Биліктің мәліметі бойынша, әуе апатынан қаза тапқандар жоқ, 85 адам жараланған.

Ұшақ Дуранго қаласының әуежайынан ұшып шыққанына бес минуттан соң, жергілікті уақытпен сағат 16.00-де құлаған.

Апаттан соң билік ұшақтағылардың барлығы аман екендігін хабарлады.

«Aeromexico 2431 рейсіндегі жолаушылардың барлығы аман екенін растаймын», – деп жазды Дюранго штатының губернаторы Хосе Айспиро өзінің Твиттерінде. Ол қазір билік зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатқанын да хабарлады.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM