Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Мемлекет қаржысын жымқырған Мұхтар Әблязов 20 жылға сотталып кетті

KAZAKBOL.COM

Мұхтар Әблязов. фото: Scandaly.ru

Қазақстандық экс-банкир Мұхтар Әблязовты Алматыда сырттай соттауда.  Үкімді Алматы қалалық Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соты шығарып, БТА банк ісі бойынша басты жауапкерді 20 жылға бас бостандығынан айырды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап NUR.KZ.

«300 МРП көлемінде айыппұлмен қоса, түбегейлі 20 жыл бас бостандығынан айыру, банк ұйымдарында кәсіби қызмет істеуден шеттетіліп,  мүлкін тәркілеуді тағайындау», —деді үкімді оқыған төреші Мартпек Кәкімжанов.

Сот Әблязовтың мына мүліктерін мемлекет кірісіне тәркілеуді тағайындады:  Алматы қаласы, Горная көшесі, 177, 179, 181 үйін, Nissan көлігі және «БТА Банк» АҚ жеке есебі.

Экс-банкир жазасын максималды қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады. Жазасын өтеу мерзімі қамауға алынған күннен бастап есептеледі.

Естеріңізге сала кетсек, Әблязов  2009 жылдан бері қашып жүр, болжам бойынша ол қазір Францияда тұрады.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM