Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Рио Олимпиадасының жеңімпаздарын құттықтады

KAZAKBOL.COM

Фото: nazarbaev.kz

Қазақстан Президенті спортшыларға келешекте жаңа белестерді бағындыруына тілектестік білдірді.

Қазақстан Президенті Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарындағы жеңістеріне байланысты Нижат Рахимов пен Дмитрий Баландинге құттықтау жеделхатын жолдады, деп жазады zakon.kz, Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

«Қазақстандықтар сенің өнеріңді зор қызығушылықпен және үлкен үмітпен тамашалады. Сен олардың үмітін толық ақтадың. Жоғары спорттық шеберлігің, жанкештілігің мен асқан ерік-жігерің саған қиын сайыста мықты қарсыластарды жеңіп шығып, Қазақстанның олимпиадалық командасына алғашқы алтын медальді әперуге көмектесті. Сенің жеңісің елдің жас спортшылары үшін лайықты үлгі болары анық», – делінген Нижат Рахимовқа жолданған жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев спортшыға жаңа жеңіс пен жетістіктер тіледі.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Д.Баландинді суға жүзу сайыстарында жеңіп алған алтын медалімен құттықтады.

«Сенің жарқын жеңісің қазақстандықтарға зор қуаныш сыйлады. Даңқты қарсыластармен жанкешті және қиын сайыста жеңіп алған алтын медаль – сенің жоғары шеберлігіңнің, мақсатқа талпынуыңның, ерік күшің мен қайрат-жігеріңнің көрсеткіші. Сенің теңдессіз табысың Қазақстан спортының шежіресінде мәңгілік қалады», – делінген жеделхатта.

Қазақстан Президенті спортшының келешекте жаңа белестерді бағындыруына тілектестік білдірді.

 

Ошибка: Вид 2216c5d386 может не существовать

 

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM