Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Мемлекетті дамыту үшін ауылды көркейту керек

KAZAKBOL.COM

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасында ауылдық аумақтарды дамытуға жете мән берілгені белгілі. Ауылдағы ортақ проблемаларды шешумен қатар, тұрғындардың жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге де көңіл бөлінген, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Ақ Жайық өңірінде бұл бағытта тиісті жұмыстар қолға алыуда. Батыс Қазақстан облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасынан алынған мәліметке қарағанда, ауылдық аумақтарды дамыту мониторингісінің қорытындысы бойынша 2017 жылдың 1 қаңтарына облыста 443 ауылдық елді мекен тіркелді. Оның 54-нің даму әлеуеті жоғары, 341-орташа, қалғаны, яғни 48-і даму әлеуеті төмен. Ағымдағы жылдың 1 маусымдағы Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен шешімі негізінде 2 ауыл таратылды. Соның нәтижесінде қазір өңірде 441 ауыл бар. Ал 43 ауылды «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» заңының талаптарына сәйкестендіру міндеті қойылды.

Талдау нәтижелері көрсеткендей, ауылдық елді мекендердің 70 пайыздайы білім беру, 84% денсаулық сақтау,  82% мәдениет, 36% спорт,  2% туризм нысандарымен қамтылған. Биылғы жартылдықтағы жағдай бойынша ауыл тұрғындарының 75%-ы өмір сүретін 165 АЕМ-ға (барлық АЕМ санынан 37,4%) орталықтандырылған су келіп тұр. Облыста 275 АЕМ (62,4%) газдандырылған. Батысқазақстандықтардың 99,5%-ы электр жарығымен қамтылып отыр. Ал телефон байланысына қолжетімділік 96%-ды құрайды.  Бүгінгі таңдағы негізгі мәселенің бірі – жол. Ауылдық жолдардың көбінің тозығы жеткен. Яғни жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының 72,4%-ы күрделі жөндеуді талап етеді. 200 АЕМ-нің аудан орталығына дейінгі жолдары қанағаттанарлықсыз жағдайда. Сондай-ақ стационарлық пошта байланысымен қамтылу да төмен (33,2%).

Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысының аудан-ауылын аралап жүрген ҚР Парламент депутаттары осы мәселелерге жіті назар аударуда. Мәселен, таяуда Бөкей ордасы ауданында болған Мәжіліс депутаттары Бақтықожа Ізмұхамбетов пен Абай Тасболатов аудандағы суды тасып ішіп отырған елді мекендердегі бұл мәселені шешуге атсалысатындарын жеткізді. Яғни, «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында көп кешікпей бөкейліктер орталықтандырылған ауызсуды тұтынатын болады. Айта кетейік, биыл өңірдегі 33 сумен қамту нысанының құрылысы мен қайта қалпына келтіру жұмыстарына 6,2 млрд.теңге бөлінді. Ал ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым жобаларын іске асыруға 23,1 млрд.теңге қаралды.

Мамандардың айтуынша, бөлініп отырған қомақты қаржы биылдың өзінде ауылдғы ағайынның тұрмыс-тіршілігін жеңілдетуге біраз септігін тигізбекші. Ал қалған мәселелердің қолданыстағы мемлекеттік және үкіметтік, аумақтық  бағдарламалар аясында өз шешімін табар күн алыс емес.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM