Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША ЕЛУДЕН АСТАМ АЛМАТЫЛЫҚ ОТБАСЫ ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙГЕ ИЕ БОЛДЫ

KAZAKBOL.COM

2018 жылдың 13 шілдесінде Алматы қаласында сатып алу құқығымен жалға берілетін жаңа пәтерлер кілттерін тапсыру салтанатты рәсімі өтті.*

«Сатып алу құқығымен жалға берілген тұрғын үй» — Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының әлеуметтік маңызы бар бағыттарының бірі. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы – «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ — 2014 жылдан бастап осы бағытты іске асырудың операторы болып табылады.

2015-2017 жылдары Бағдарламаны жүзеге асыру аясында  Қазақстан Ипотекалық Компаниясы 17 128 пәтер немесе 974,2 мың шаршы метр жалға берілетін тұрғын үйді пайдалануға берді. 2018 жылдың соңына қарай тағы 80 мың шаршы метрді беру жоспарланып отыр. Сонымен, бағдарламаның әрекет ету кезеңінде кезекте тұрғандарға арналған 1 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй салынады және беріледі.

Бағдарлама Ақмола мен Алматы облыстарын және Ақтөбе, Атырау, Орал, Шымкент, Түркістан, Талдықорған, Тараз, Семей, Көкшетау, Қостанай, Астана, Қарағанды, Петропавл, Рудный, Өскемен, Ақтау, Қызылорда, Алматы, Павлодар, Хромтау қалаларын қамтиды.

Бағдарламаның барлық әрекет еткен кезеңінде «ҚИК» ИҰ» АҚ Алматыда жалпы ауданы 285,6 мың шаршы метрді құрайтын 5153 пәтерді бөлуге берді.

Бағдарламаның келесі кезеңін іске асыру үшін 2018 жылдың 13 шілдесінде Қазақстан Ипотекалық Компаниясы кезекте тұрғандарға «Думан-2» ықшам ауданындағы тұрғын үй кешенінде 53 пәтерді тапсырды: 26 бір бөлмелі пәтер (ауданы 52,3 және 61,5 шаршы метр) және 27 екі бөлмелі пәтерлер (ауданы 76,8 және 83,9 шаршы метр). Барлық пәтерлер жалға алушыларға таза әрлеуде берілді және қоныстануға дайын. Жақын жерде мектеп-гимназиясы, балаларға арналған даму орталықтары, мешіт және «Халық Арена» мұз айдыны орналасқан. Кезекте тұрғандар үшін жалдау құнының шаршы метрі айына 1119,23 теңгені құрайды.

Салтанатты рәсімді «ҚИК» ИҰ» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Руслан Кәкім ашты. Жаңа тұрғындарға арнаған сөзінде Руслан Қажымұратұлы: «Бүгінгі салтанат — Елбасымыздың бастамасымен жүзеге асырылатын үлкен іс-шараның кезекті кезеңі. Тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру саласында мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жақсы қарқынмен өсті, 2017 жылы Қазақстанда 11,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бүгін біз қаланың экологиялық таза аймағындағы жақсы инфрақұрылымы мен көлікке қолжетімділігі бар ыңғайлы пәтерлердің кілттерін алатын жаңа қоныстанушыларды құттықтаймыз. Жақын арада Петропавл мен Ақтаудағы кезекте тұрғандар өз тұрғын үйлеріне ие болады, сондай-ақ, Алматыдағы «Жас Қанат» тұрғын үй кешеніне тұрғындарды қоныстандыру аяқталады».

Жаңа қоныстанушылар өздерінің қуаныштарын білдірді: «Біз қарапайым қазақстандықтарға жеңілдікті жалдау талаптары бойынша өз баспаналарын сатып алуға мүмкіндік беретін «Нұрлы Жер» тұрғын үй бағдарламасы үшін, біздің Республикамыздың Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа алғысымызды білдіреміз. Біздің мемлекетіміз қазақстандықтарды, ең бастысы халықтың ең осал топтарын — мүгедектер, жетім балалар, көпбалалы отбасыларды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуді жалғастыруда!».

 

«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ

баспасөз-қызметі

+7 (727) 344 12 22 (ішкі:  1263), zpakhirdinova@kmс.kz

 

* «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы көп балалы және толық емес отбасыларға, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасыларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, оралмандарға, 1 және 2 топтағы мүгедектерге, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлерге, әскери қызметкерлерге, арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлеріне, бюджеттік ұйымдар қызметкерлеріне арналған.

Сатып алу құқығымен жалға беру мерзімі — 20 жылға дейін. Жалға алу мерзімінің соңында тұрғын үй жалға алушының меншігіне өтеді. Мерзімінен бұрын өтеуге болады. Жалға алу құны 1 ш. м — Алматы мен Астана қалаларында 1120 теңгеден аспайды, өңірлерде — 924 теңгеден аспайды. Барлық пәтерлер кезекте тұрғандарға таза әрлеуде беріледі.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM