Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Мигранттар құқығын қорғаушы Валентина Чупик Ресейден шығарылмақ. Оған 2051 жылға дейін кіруге тыйым салынды

KAZAKBOL.COM

Ресей мигранттар құқығын қорғаумен айналысатын ұйым басшысы Валентина Чупикті босқын мәртебесінен айырып, 2051 жылға дейін елге кіруіне тыйым салды. Бұл туралы құқық қорғаушыға берілген құжаттарға сүйенген «Медиазона» және «Новая газета» басылымдары хабарлады.

Чупик сенбі, 25 қыркүйекке қараған түні Мәскеудің Шереметьево әуежайында ұсталған. Полиция оған босқын мәртебесінен айырылғаны жөнінде ескерту қағаз тапсырған.

«Медиазонаның» жазуынша, ресейлік құқық қорғау органдары Чупикті «Босқындар туралы» заңның 9-бабына («босқын мәртебесін алу үшін қасақана түрде жалған құжат тапсыру») сүйене отырып, босқын мәртебесінен айырған.

«Шереметьево әуежайындағы арнайы қабылдау орнында отырмын. Мені қайда жіберетіні белгісіз. Құжаттарымды тартып алды» деді Чупик журналистерге. Кейін телефоны сөніп қалды.

Өзбекстан азаматы Валентина Чупик ұзақ жылдан бері Ресей аумағында еңбек мигранттарына тегін көмек көрсететін «Тонг Жахони» (Әлем таңы) ұйымына жетекшілік етеді. Әріптестері Өзбекстанда оның өміріне қауіп төнуі мүмкін деп алаңдайды.

Ресей ІІМ мәліметінше, 2021 жылы алғашқы алты айда елге 99 мыңға жуық шетел азаматы кіргізілмеген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM