Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Миллиардер Әлішер Усманов президент Мирзияевтің күйеу баласына тиесілі банктегі үлесін ұлғайтты

KAZAKBOL.COM

Ресейлік өзбек миллиардері Әлішер Усмановтың USM Holdings компаниясына қарайтын «Телекоминвест» Өзбекстандағы «Капиталбанк» акцияларының қосымша пакетіне ие болды.

10 қаңтарда биржадағы саудада ресейлік компания 108 млрд сумға банктің 32,98 млн акциясын, немесе оның жарғы капиталының 8,33%-ын алды. Осылайша миллиардер «Капиталбанктің» 25% үлесіне ие болып отыр. Бұған дейін «Телекоминвест» бұл банк акцияларының 16,6%-на иелік еткен.

Былтырғы қазанда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиевтің күйеу баласы Ойбек Турсунов «Капиталбанктің» 112,49 млн акциясын алған, бұған дейін оның қолында осы банктің 52,43 млн акциясы болған. Сол кезде ол банк акцияларының 50% пайыз үлесіне ие болған, бірақ «Телекоминвестпен» келісімге отырған соң оның үлесі 41,6%-ға қысқарды.

«Капиталбанк» Өзбекстан банк секторында алдыңғы қатарда тұр, ал банк белсенділігі көрсеткіші жөнінен көш бастап келеді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM