Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Миллиардер Алишер Усманов Еуропа кеңесін сотқа берді

KAZAKBOL.COM

«Металлоинвест» компаниясының негізін қалаушы ұлты өзбек ресейлік миллиардер Алишер Усманов Еуроодақты сотқа берді.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, кәсіпкер Еуропа кеңесіне қарсы арызды 29 сәуірде тапсырған.

«Шағым беруші Еуропалық кеңестің өзіне қарсы салған санкцияларын алып тастауды талап етеді», — делінген Еуропа сотының баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін, Еуроодақ Ресейдің бірқатар лауазымды тұлғалар мен кәсіпкерлерге қарсы санкция салған. Олардың ішінде Алишер Усмановпен қатар Михаил Фридман, Петр Авен мен Алексей Мордашев та бар.

4 наурызда АҚШ-тың қаржы министрлігі Алишер Усманов компаниясын санкциядан босататын лицензия шығарды.

Санкция салдарынан ресейлік миллиардерлер 45 млрд доллар жоғалтқан. Алишер Усманов 1,63 млрд долларынан айырылған.

Сәуір айында Кипр Усмановтың туыстарын «алтын төлқұжатынан» айырған. Бұдан бөлек Ұлыбритания енгізген санкцияға Усмановтың екі қарындасы да бар.

Алишер Усманов Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің құдасы болып келеді. Шавкат Мирзияев билікке келгелі Алишер Усманов Өзбекстанға миллиондаған доллар инвестиция салды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM