Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Министр: Салафизм секілді жат ағымдар «сәннен шығады»

KAZAKBOL.COM

Кездесуден фото: Baq.kz

Қазіргі салафизм, басқа да теріс ағымдардың бәрі «сәннен шығып қалады». Бұл туралы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев ақтөбелік студенттермен кездесуі кезінде айтты,деп хабарлайды Ақтөбедегі Baq.kz тілшісі.

Ақтөбеге жұмыс сапарымен келген Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев студенттермен, белсенді жастармен кездесу өткізді. Өз сөзінде министр дінге келгенде жастарды сақ, қырағы болуға шақырды.

«5 маусым күні Ақтөбеде болған жағдай уақытша, болашақта ондай оқиға болмайды. Оған бүкіл мемлекеттік орган күш-жігерін салады. Сіздердің қауіпсіздіктеріңізді қамтамасыз ете аламыз… Дінге берілген, сенетін адамдарға мемлекет барлық қажетті жағдайды жасайды. Алайда түрлі теріс ағымдар азаматтарға үлкен қауіп әкеліп отыр. Мұның бәрі басымыздан өткен. Мысалы, қайдағы бір сатанистер де бой көрсетті. Түрлі секталар көбейгеннен кейін өзінен-өзі жойылып, құрып қалды. Сол сияқты қазіргі салафизм, басқа да теріс ағымдар болса, олардың бәрі «сәннен шығып қалады». Бірақ оған дейін қаншама шаңырақты шайқалтуы мүмкін. Сондықтан олардың еркіне ермеңдер, дінге қызығушылық, сұрақтар болса, имамдардан жөн сұраңдар. Егер бір имам сіздерге лайықты кеңес айтпаса, ұнамаса, басқа имамды табуға болады. Негізінде имамдармен сұхбаттасу нәтижесінде өздеріңнің сұрақтарыңа жауап табасыңдар»,- деді Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM