Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Мирзияев үкімет басшысына жекеменшік телеарналардағы ток-шоуларды бақылауға алуды тапсырды

KAZAKBOL.COM

Ташкент қаласы Шайхантахур ауданының тұрғындары Өзбекстан телеарналарында көрсетілетін ток-шоулардың сапасы сын көтермейтінін айтып, президент Шавкат Мирзияевқа шағымданды.

23 қарашада мемлекет басшысы астанадағы Шайхантахур ауданының тұрғындарымен кездескен.

«Құрметті президент, сіз махаллаларға көп көңіл бөлесіз. «Sevimli» телеарнасындағы «Mahallada duv-duv gap» бағдарламасы туралы айтайын деп едім. Оны отбасымен бірге отырып көру мүмкін емес. Махалла мәселесін талқылағысы келсе, сонда барсын. «Yor-yor» деген де бағдарлама бар. Онда әйелдер күйеу, ер азаматтар әйел іздейді. Жақсы жігіт қызды өзі-ақ табады», – деді махалла белсендісі Рустам Калонов.

Kun.uz сайтының хабарлауынша, президент бұл мәселені премьер–министрке тапсырған.

«Mahallada duv-duv gap» ток-шоуында негізінен отбасы, кейде әлеуметтік мәселелер талқыланады. Осы тәріздес ток-шоулар басқа да телеарналарда бар.

«Yor-yor» ток-шоуы, бағдарлама авторларының пікірінше, бойдақ жігіттер мен басы бос қыздарды таныстыруды көздейді.

Сынға ұшыраған ток-шоулардың жабылған-жабылмағаны әзірге белгісіз. «Озодлик» дереккөзінің хабарлауынша, бұл мәселені премьер-министр Абдулла Әріпов қолға алған, ал сөз болған екі ток-шоу жабылып қалуы мүмкін.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM