Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев елге 1995 жылға дейін көшіп келіп, әлі күнге дейін осында тұратындарға азаматтық беруге уәде берді.
24 қаңтарда парламентте халыққа үндеу арнаған Мирзияевтің мәлімдеуінше, осы шешімнің нәтижесінде шамамен 50 мың адам Өзбекстан азаматтығын алады. Ол парламентті бұл ұсынысты талқылауға және 1 мамырға дейін тиісті заң жобасын дайындауға шақырды.
Мирзияев совет заманында қалыптасқан ішкі миграция саясатын жетілдіретінін айтты. Осы уақытқа дейін аудан тұрғындарына Ташкентте тұруға, жұмыс істеуге тыйым салынып келді. Өзбекстан президентінің айтуынша, бұндай саясат жүз мыңдаған тұрғынды шетелден жұмыс іздеуге итермеледі.
Мирзияев мемлекеттік құрылымдар қызметіне бақылау жасайтын Қоғамдық палата құрғысы келетінін айтты.
KAZAKBOL.COM