Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекcтан президенті ақшаны босқа шашқан шенеуніктерді жұмыстан қумақ

KAZAKBOL.COM

Өзбекcтан президенті. Фото: centralasian.org.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев импорттық тауарға ақша жұмсағаны үшін бірқатар мекеме мен кәсіпорын басшыларын сынға алды деп хабарлайды Regnum дереккөзіне сілтеме жасаған centralasian.org.

Өзбекстанда дайын өнімнің түрлерін шығару үшін 5,5 млрд долларға 2,8 мың жоба жүзеге асырылған. Осыған дейін шетелден әкелінетін бұйымның 4,8 мың түрі қазір Өзбекстаннан шығады. Өзбекстанның СІМ хабарлауынша, бұл мәлімет ел президенті Шавкат Мирзияевтың қатысуымен өткен үкімет жиынында айтылған.

«Нәтижесінде соңғы бес жылда импорт көлемі 752 миллион долларға қысқарған, 2016 жылы 286 миллион долларға қысқарған», – делінген хабарламада.

Бірақ ел президентінің импортты алмастыру бағдарламасының қорытындысына көңілі толмаған. Оның пікірінше, бірқатар мемлекеттік органдар мен шаруашылық бірлестіктері импорттың өсуіне жол береді. Олар ақшаны тиімсіз жұмсап отыр. Ол бірқатар компания басшыларына шетелден өнімге тапсырыс беретін болсаңдар, жұмыстан кетесіңдер деп ескерту жасаған.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM