Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Мирзияев жеті елдің азаматтарына визаны алып тастады

KAZAKBOL.COM

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің 10 ақпандағы жарлығына сәйкес жеті елдің азаматтарына визасыз жүйе енгізілді. Енді Израиль, Индонезия, Корея Республикасы, Малайзия, Сингапур, Түркия және Жапония азаматтары Өзбекстанда 30 күн визасыз жүре алады.

Осылайша Өзбекстанға визасыз кіре алатын елдер саны 16-ға жетті.

Қазір тоғыз елдің азаматтары бұл елге визасыз жүйемен келе алады: Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Молдова, Ресей, Украина, және Қырғызстан (60 күнге дейін). Өзбекстан азаматтары да бұл елдерге визасыз барады.

Бұған қоса президент Мирзияев осы жарлығымен 10 ақпаннан бастап 39 елдің азаматтарына туристік визаларды рәсімдеу тәртібін жеңілдетті.

Атап айтқанда, сыртқы істер министрлігіне туристік ваучер немесе Өзбекстаннан шақырту өткізу талабы алып тасталынды. Осылайша жеңілдетілген виза жүйесі бар елдер саны 15-тен 51-ге жетті.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM