Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Мирзияевтің баспасөз хатшысы Украина туралы: «Өзбекстан таразыланған, бейтарап ұстанымды қалайды»

KAZAKBOL.COM

Өзбекстан президентінің баспасөз хатшысы Шерзод Асадовтың мәлімдеуінше, Ресейдің Украинадағы әскери әрекеттері мәселесінде «Өзбекстан таразыланған, бейтарап ұстанымда қалады».

Еске салайық, бұның алдында Ресей президентінің баспсөз қызметі 25 ақпанда Владимир Путин Өзбекстан президентімен телефонмен сөйлескенін, Шавкат Мирзияев Ресей әрекетін түсіністікпен қабылдайтынын хабарлаған.

Шерзод Асадовтың айтуынша, Өзбекстан мен Ресей басшылары, екі ел арасындағы өзекті мәселелерден бөлек, Украина төңірегіндегі жағдайды да талқылады.

«Ресей президенті еліміздің басшысына арнайы операция туралы шешімге не себеп болғанын, оның қандай жағдайда қабылданғанынан хабардар етті. Өзбекстан басшысы болса жағдайды одан сайын ушықтырмай, оны реттеу жолдары табылатынына сенім білдірді», — деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы.

«Еліміз Ресеймен де, Украинамен де тығыз, достық қарым-қатынас орнатқан. Біз ауқымды аймағымыздың тұрақты дамуына, бейбітшіліктің сақталуына мүдделіміз. Келіспеушіліктер тек қана халықаралық құқық ережелері бойынша шешілуі тиіс», — деп мәлімдеді Шерзод Асадов.

Ресей президенті Владимир Путин 24 ақпанға қараған түні Украинаны «ұлтышлардан тазарту және демилитаризациялау» мақсатында арнайы әскери операция» басталғанын жариялады.

Украина президенті Владимир Зеленский жалпыұлттық мобилизация жариялады. Батыс елдері Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты жаңа санкциялар сала бастады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM