Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Үміт Шаяхметова: Қазақ қыздары ешқашан да бетін жауып жүрмеген


«Қазақстан Халық банкі» басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова қазақ қыздарының ешқашан бетін жауып жүрмегенін айтты.

Бұл туралы Казправда-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

«Бүгінде біздің қоғамға айтарлықтай қауіп төніп тұр. Толерантты адам ретінде, мен әр адам өзі қалайтын діни сенімде болатынын құптаймын. Алайда, бұл радикализацияға ұласпау керек. Қазақ қыздарының хиджаб киіп, бетін жауып жүргенін көру мен үшін өте ауыр», — деді Шаяхметова.

Үміт Шаяхметова қазақ қыздарының ешқашан да бетін жаппағанын, керісінше, қоғамда белсенді рөл ойнағанын мәлім етті.

«Қазақ қыздары ешқашан да бетін жаппаған, үнемі қоғам өміріне белсенді араласып отырды. Егер ең үлкен әйел адам болса, оны құрметтеп, үнемі төрге шығарған», — деп толықтырды сөзін «Халық банк» басқарма төрайымы.

Сөз соңында ол әпке-сіңлілерді дұрыс жолға бағыттау керектігін айтқан.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM