Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ММА торында бір-біріне еш соққы жұмсамаған қазақтардың бірі бұл әрекеттерін түсіндірді

KAZAKBOL.COM

Ережесіз жекпе-жектен Қытайда өткен халықаралық жарыс финалында тегі қазақ екі спортшының сайысқаны көп талқыланды.

Ол спортшылардың бірі Азаттыққа берген сұхбатында қарсыласымен неліктен күш сынаспағанын түсіндірді деп хабарлайды Азаттық.

Соңғы күндері әлеуметтік желілердің қазақстандық қолданушылары қазақ ұлтынан шыққан екі спортшының сайысы туралы видеоны бір-бірімен бөлісіп, қызу талқыласып жатыр.

Ол видеода ережесіз жекпе-жектің WBK тұжырымы бойынша Қытайда өткен жарыстың финалында рингке шыққан қазақстандық Айбек Нұрсейіт пен қытайлық Ғабит Тұрғанбектің жекпе-жегі түсірілген.

Бес минутқа созылған жекпе-жектен кейін төреші белсенді қимылдамай қойған екі спортшыға да «спорттық ережеге сай төбелеспегені» үшін қызыл қағаз беріп, нәтижелерін есептемей тастаған.

Айбек пен Ғабиттің сайысын «екеуі де қазақ болғандықтан бір-бірін ұра алмады» деп ризалықпен түсіндірушілер де, «олардың мұндай әрекеті спортқа жат қылық» деп сөккендер де болды.

Қазақстандық спортшы Айбек Нұрсейіт Азаттыққа берген сұхбатында бұл жарыс туралы, Ғабит Тұрғанбекпен рингке шыққан кездегі әрекеті жайлы айтты.

Әлеуметтік желіде тараған видеода бейнеленген жарыс қай кезде өтіп еді?

– Жарыс 5 наурызда Шанхай маңындағы шағын қалада өтті. Бұл жарысқа бару менің жоспарымда болмаған. Бес-алты күн қалғанда жарысқа баруы тиіс спортшылардың бірі қатыспайтынын айтып, оның орнына мен баратын болдым. 70 килограмм салмақта төрт адам шықтық. Мен франциялық, қытайлық қазақ Ғабит Тұрғанбек украиналық спортшыны жеңді. Осылайша екеуміз финалға шықтық. Ғабит екеуміз бір-бірімізді танимыз. Ол Алматыға келіп, бір айдай бізбен бірге жаттығу жасап кеткен.

– Ғабит екеулеріңізді «финалда спорттық ережеге сай жекпе-жек өткізбей, жұдырықтаспай жүріп алды» деп сынаған оқырмандар да бар? Оған қандай жауап айтар едіңіз?

 – Негізі мен финалға шығамын деп ойлаған жоқпын. Басты мақсатым франциялық қарсыласымды жеңу болды. Ғабит екеуміз бір-бірімізді жарыс алдында салмақ өлшеу сәтінде көрдік. Бірақ жекпе-жек алдында «бір-бірімізге жұдырық жұмсамаймыз» деген сияқты келісім болған жоқ. Келісім болса, жекпе-жекке шықпас едік. Финалдық жекпе-жекке мен де, Ғабит те қазақ әнімен шықтық.

Алаңға шыққан соң Ғабит соққы жасамай жүрді. Ғабиттің маған қолы батпай тұрғанын бірден байқадым да, мен де шабуылға шықпадым. Қытай көрерменнің алдында қос қазақ бір-бірінің мұрнын қанатып, көзін шығарып жату жараспайды деген намыс болды. Қанша ақша беріп жатса да, қазақ екенімізді дәлелдегіміз келді. Жекпе-жектен кейін Ғабит екеуміз арнайы банкетте жолығып, қол алыстық.

 – Екеуіңіз қызыл қағаз алып, жарыстан шеттетілген соң жүлде кімге берілді?

– Жарыста арнайы чемпиондық белбеу мен қомақты қаржы сарапқа салынған. Бірақ ол ешкімге берілмеді. Ұйымдастырушылар менің французбен өткізген жекпе-жегімді көріп, алдағы жарыстарға шығуыма мүмкіндік берді. Ғабитке қатысты қандай шешім шығарғанын алдағы күндері білеміз. Келесі жарыс мамырда Талдықорғанда өтеді. Бірақ WBK тұжырымының президенті ол жарыста мені қазаққа қарсы шығармайтынын айтты.

 


 

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM