Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Моңғолдар АҚШ әскерінен 9 есе күшті болып шықты

KAZAKBOL.COM

Сарбаздар. Фото: ras.kz

Ауғанстанда қызмет етіп жатқан әр елдің әскери контингенті қызметкерлері арасында дене күштері дайындықтары жағынан моңғол сарбаздары бәрінен күшті болып шықты. Бұл туралы ARD ақпарына сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.

Бұған дейін АҚШ-тың теңіз жаяу әскерлері дене күші дайындығы жағынан ешкімді алдына салмайды деп есептеліп келген болатын. Америкада осы жағын жетілдіру үшін теңіз жаяу әскерлері корпусының жауынгерлерін шынықтырудың Marine Corps Martial Arts Program деп аталатын арнайы бағдарламасы да бар

Алайда, іс жүзінде моңғолдың қатардағы жауынгерлері олардан әлдеқайда күшті де төзімді екен. Мұны бұл елдің Ауғанстанда бітімгерлік мақсатпен қызмет етіп жатқан сарбаздары көрсетіп берді. Олар тіпті осындағы басқа елдер контигентіндегі әскери қызметкерлердің бәрінен әлдеқайда артық екендерін айқын танытты.

pogudx56bsddilt8q.07ac595b

Айта кетейік, Ауғанстанда жыл сайынғы кезекті сайыс өтті. Онда әр елдің сарбаздары ең алдымен өздерінің дене күші дайындығы мен төзімділіктерінің деңгейі жөнінде сынға түсті. Әр команда екі солдаттан құралды. Осылайша әр контингент 9 командадан шығарды. Жарысқа қатысушылар алдымен 5 шақырымға жүгіру, сосын турникке 60 мәрте тартылу, артынша 230 рет қолмен жерден көтерілу сынақтарын атқарды.

Нәтижесінде моңғол әскерлері тарапынан жарыс жолына шыққан 9 команда түгел алғашқы ондыққа кірді. Олар 8-орынды ғана АҚШ-тың жаяу теңіз әскерлері құрамынан сайысқа түскен дуэтке берді. Ал қалған контингенттердің командалары тіпті көмбеге де жете алмады.

Осыған байланысты америкалық жаяу теңіз әскерлері сарбаздарының бірі «Твиттерге»: «Моңғолдар! Сендер жасай алдыңдар! Ғаламат!», деп жазған екен.

 

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM