Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Моңғолия қазақтары Мәсімовке ат мінгізіп, шапан жапты (фото)

KAZAKBOL.COM
Фото авторы: Марфуға Шапиян

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов бұл күндері Моңғолияның қазақтар қоныстанған Баян-Өлгей аймағында сапарда жүр.

Жақында Моңғолия жерінде табиғи апат болып, 700-ден астам адам селдің салдарына далада қалған болатын. Осыдан соң, президент Нұрсұлтан Назарбаев Моңғолия қазақтарына гуманитарлық көмек көрсетуге бұйырды.

Фото авторы: Марфуға Шапиян

Фото авторы: Марфуға Шапиян

Ал Моңғолияға сапарлатып барған Кәрім Мәсімов сол жақтағы қандастармен қазақ тілінде сөйлесіп, көпшілікті таңырқатқан болатын.

Фото авторы: Марфуға Шапиян

Фото авторы: Марфуға Шапиян

Ал журналист Марфуға Шапиян өзінің Facebook парақшасында Баян-Өлгейдегі қазақтардың Мәсімовке ат мінгізіп, шапан жапқанын жазды.

«Жаңа ғана біз тоқтаған «Бай Өлке» қонақүйінің алдындағы алаңда Қазақстаннан келген делегаттар мен жергілікті қазақ халқының кездесуі өтті. Өзіміз теледидардан әрең көретін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовті көріп, қазақша мақалдатып сөйлегенін естіп «шок» болғансың ғой. Жанына Мәдениет министрі мен Денсаулық министрін ертіп алыпты. Әзіл-әзілмен ғой, бірақ халық шыны керек, кешелі-бері Үкімет басшының келуін кәдімгідей күтті. Оны таң атпастан алаңға жиналып алған халықтың қарасының көптігінен байқауға болады. Әрине, олай болатын жөні бар. Үкімет басшысы 25 жылда бірінші рет бұл жаққа ат басын бұрып тұр екен. Өлгейлік билік тарапынан балабақша, аурухана салу, Қазақстанға көшіп барған оралмандардың зейнетақысын реттеу, әуе жолын қайта қалпына келтіру мәселелері қозғалды. Ал біз жақ осы бір-екі күнде апаттан зардап шеккендерге берілетін қаржыны аударатынын және жастарға университетке болмашы грант бөлетінін айтты. Енді мемлекет бюджетінен қаншалық қаржы берілетінін білмейміз ғой, бірақ халық осындай көңілі жарым тұста Қазақстанның назар аударып, бірінші боп көмек қолын созып жатқанына, Үкімет басшысының келгеніне кәдімгідей қуанып, бір серпіліп қалған сияқты… Сөйтіп, Үкімет басшыны театрға алып кетті, біз қонақүйімізге қайттық» — деп жазады журналист.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM