Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Молдованың бұрынғы президенті Игорь Додон 72 сағатқа қамауға алынды

KAZAKBOL.COM

Молдованың бұрынғы президенті Игорь Додон мемлекетке сатқындық жасады деген бап бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында 72 сағатқа қамауға алынды. Бұл туралы елдің бас прокуратурасының баспасөз хатшысы Марианна Кёрпек мәлімдеді.

Сейсенбі күні Молдованың Коррупцияға қарсы прокуратурасы мен қауіпсіздік қызметі Додонның үйіне және оған тиесілі деген 11 мекен-жайға тінту жүргізген. Ол жемқорлықпен заңсыз байыды деген күдікке ілінді.

Молдованың бас прокуратурасы 18 мамырда Додонға қарсы қылмыстық іс қозғаған. Ол молдовалық олигарх Владимир Плахотнюктан пара алды деген күдікке ілінді. Бұған 2019 жылғы видеожазба себеп болған. Жасырын камерамен түсірілген видеода Плахотнюк сол кездегі Игорь Додонға қара пакет беруге әрекет жасаған. Додон оған «сіз қайтадан пакетпен келдіңіз» деп айтқан және оны «Костя» деген адамға беруді сұраған.

Видеода Додон мен Плахотнюк конституциялық көпшілікке ие болатын парламенттік коалиция құру мәселесін талқылаған.

Бұл видео жариялағаннан кейін тексеру жүріп, бірақ олан қылмыстық құрам табылмады деп, қылмыстық іс қозғалмаған.

Бірақ өткен аптада Кишиневтің апелляциялық палатасы сот шешімін жойды.

Владимир Плахотнюк – Молдованың Демократиялық партиясының бұрынғы төрағасы. Ол Молдова парламентінде екі шақырылымда депутат және вице-спикер болған.

Додон ресейшіл саясаткер болып саналады. Президент кезінде бірнеше рет Мәскеуге барып, Қызыл алаңда Жеңіс парадына қатысқан.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM