Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Московский комсомолец» журналисін Рақышев пен Усмановты бопсалауға қатысты іс бойынша тергеді

KAZAKBOL.COM

«Московский комсомолец» газетінің журналисі Лев Сперанскийдің пәтерін тінтіп, одан соң оны сейсенбі күні Тергеу комитетіне тергеуге алып барған. Журналист адвокатының хабарлауынша, ақша бопсалау және жала жабу баптары негізінде қылмыстық іс қозғалған.

Сперанский мәліметіне қарағанда, қылмыстық істер Ресейдегі ең бай адамдардың бірі Әлішер Усманов пен қазақстандық миллионер Кеңес Рақышевтен ақша бопсалау ісіне қатысы ашылған.

Журналист пәтерін тінту кезінде оның телефонын, флешкалары мен компьютерін тәркілеген. Бұған қоса, полиция қызметкерлері Сперанскийге жүкті әйелі үшін жедел жәрдем шақыртуға, «Московский комсомолец» редакциясымен немесе адвокатпен хабарласуға рұқсат бермеген.

Кейін «ОВД-Инфо» жобасы журналисті тергеуден соң босатқанын хабарлады. Куәгер деп танылған Сперанскийге ешқандай шектеу шарасы қолданылмаған.

Baza телеграм-арнасының журналисімен сөйлескен Сперанский тергеу кезінде одан «ВЧК-ОГПУ» телеграм-арнасы туралы сұрағанын айтқан. Бұл арнаға 400 мың адам жазылған. Онда көбіне Ресей арнайы қызметінің әрекеттері туралы жазбалар жарияланады. Сперанский қылмыс және заң, соның ішінед арнайы қызмет туралы жазатын журналист.

Өткен аптада Мәскеуде үш ірі телеграм-арнаның алты бірдей әкімшісі екі айға қамалды. Олардың үшеуіне мемлекеттік Промсвязьбанктен ақша бопсалады деген айып тағылған, қалған үшеуі алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған.

Олардың арасында «Коммерсантъ» пен «Известия» басылымдарының бұрынғы журналисі Александра Баязитова бар. Баязитова – “Адские бабки” телеграм-арнасының авторы, журналист-фрилансер.

Forbes журналының ресейлік нұсқасының мәліметінше, Әлішер Усманов Ресейдегі бай адамдар тізімінде жетінші орында тұр. Оның байлығы 11,5 млрд доллар деп бағаланды. Басылым есебінше, миллиардер бір жылда шамамен 7 миллиард доллар капиталынан айрылған.

Forbes журналының қазақстандық нұсқасының мәліметінше, Кеңес Рақышев Қазақстандағы бай адамдар тізімінде тоғызыншы орында тұр. Басылым оның байлығын 960 миллион доллар деп бағалады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM