Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Мыңнан астам ауған азаматы Тәжікстанға қашып кірді

KAZAKBOL.COM

Таулы Бадахшан автономды облысының билігі Ауғанстанның солтүстігіндегі аймақтардың көбін талибандар басып алғаннан кейін мыңнан астам адам Тәжікстанға қашып келді деп мәлімдеді.

«Босқындарға барлық жағдай жасалып, тегін ыстық тамақ беріліп жатыр. Бүгінгі күндері оларға гуманитарлық көмек көрсету жөнінде халықаралық қайырымдылық ұйымдарымен келіссөз жүріп жатыр», — деп хабарлады облыстық әкімшілік өкілі.

Мекеменің баспасөз хатшысы Голиб Ниятбекзода Ауғанстаннан 1037 адам қашып келгенін, олардың саны тағы өсуі мүмкін екенін жеткізді. Оның сөзінше, босқындар шекарадан Ауғанстанның Бадахшан аймағындағы бірнеше уезді тәлібтер басып алған 4-5 шілде күндері ауған.

Жергілікті билік өз аймағына әзірге 10 мыңға дейін ауған азаматтарын орналастыра алатынын мәлімдеді.

Бір күн бұрын Ауғанстанның Ұлттық қауіпсіздік кеңесі Тәжікстан аймағына қашып кеткен 2300 ауған әскері қайтып оралды деп хабарлаған.

АҚШ бастаған халықаралық коалиция Ауғанстаннан шыға бастағаннан кейін Талибан қозғалысы өлкедегі елуден астам аймақты басып алды.

Тәжік билігінің мәліметінше, қазір ортадағы шекараның үштен екі бөлігі тәлібтер бақылауында. Тәжік-ауған шекарасының қашықтығы 1350 шақырымнан астам.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM