Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Мырзатай Жолдасбеков жер дауына қатысты белсенділердің қамалғанынан бейхабар болып шықты

KAZAKBOL.COM

Жер реформасы бойынша қоғамдық комиссияның отырысында мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековтің айтуынша, қарапайым халық заңнан емес, заңсыздықтан қорқады, деп хабарлайды Baq.kz.

«Мен өзім теледидарды көп қарап жүргенім жоқ. Жаңа азаматтардың айтуына қарағанда, пікір жан-жаққа жетпейтін сияқты халыққа. Әй, мынау әртүрлі айтылған ашық пікірдің кейбіреулерін жеткізу керек қой, Дәурен (Абаев – ақпарат және байланыс министрі). Айту керек, тапсырма беру керек. Сосын мен өзім қорқып отырғаным, бір нәрсені ушықтырып алмасақ екен деймін. Мынау екі Мұхтар (Тайжан мен Шаханов – авт.), анау Оразалы (Сәбден – авт.), анау жерде Жанұзақ (Әкім — авт) айтып жатыр. Мен білмеймін, соншама адам түрмеде жатыр ма? Рас па, Мұхтар? (Мұхтар Тайжан: «Иә!» — деп жауап берді) Ал, енді, үлкен кісіге жеткізіп, осы істермен айналысып жатқан кісілер осыған жіті қарап, ойын түбінен өрт шығып кетпесін. Бізге тыныштық керек, бауырларым. Елі бүлінген, тас-талқан болып жатқан жерлерді көріп жатырмыз ғой. Ол ел оңбайды енді ешқашан. Құдай сақтасын! Мамыражай отырған мына байтақ Қазақстан жеріне бүлік келсе, ол бүлікті, ол өртті ешкім сөндіре алмайды. Онда біз осы күнге зар боламыз. Біз оған бармауымыз қажет», — деді Жолдасбеков.

Ғалым жерді ауыл мен қала халқына тарату қажет деген пікірмен келісіп отыр.

«Мен ойлаймын, сонша не басымызға күн туды өзі? Осы жер қазақтың жері ғой. Мына жігіттер айтып жатыр ғой, қалада тұратындарға 10 соток жер берсе, анау ауылда тұратындарғы 25 соток жер өзіне берсе. Мына қарапайым халық заңнан қорқып тұрған жоқ, заңсыздықтан қорқып отыр. Әбден запы жеп қалған, опық жеп қалған бұлар… Біледі кімнің алатынын. Баяғы байығандар алады, сосын билік басындағылар деген сияқты», — дейді Жолдасбеков.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM