Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Нұр-Сұлтан ауруханаларында орындардың 70 пайызы бос емес


Нұр-Сұлтанда күн сайын инфекциялық ауруханаларға шамамен 150-200 науқас түсіп жатыр. Бұл туралы дүйсенбі күнгі брифинг кезінде Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Тимур Мұратов хабарлады.

Оның сөзіне қарағанда, қазір қалада вирус күшейген. Ауруханалардағы орындардың 70 пайызы бос емес.

«Бір күнде инфекциялық стационарларға шамамен 150-200 адам түсе бастады. Инфекциялық ауруханада әзірленген 2001 орынның 598-і (36-сы – реанимациялық орын) ғана бос» деді Мұратов.

28 маусым күнгі ақпарат бойынша, инфекциялық ауруханаларда 1403 пациент жатыр. Басым бөлігінің коронавирус тесті оң шыққан. Жалпы қалада коронавируспен күреске 14 стационар (13-і – инфекциялық, 1-і – карантиндік) жұмылдырылған.

Басқарма мамандарының айтуынша, коронавирус тесттерінің 56 пайызында вирустың «үндістандық штамына» тән белгілер анықталған.

Қазір қалада вирустың күшеюіне байланысты қосымша орындар ашылып жатыр. 28 маусымнан бастап бұрын қонақ үй болған Ramada Plaza ғимаратына коронавирус жұқтырған науқастар жатқызыла бастаған. Бұл жерде 500 орын әзірленеді.

Басқарма мамандары дегенмен вакцина алушылар қатары көбейгенін де айтып отыр. Өткен аптада күніне 1400-2000 адамға коронавирусқа қарсы екпе егілген.

27 маусымда қалада коронавирус жұққан 500-ден астам адам анықталды. Бұл республика бойынша бір күнде тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Қала қазір «қызыл аймақта» тұр. Нұр-Сұлтаннан бөлек, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары да коронавирус бойынша «қызыл аймаққа» енген.

Бұған дейін Қазақстан билігі вирустың күшеюін елде коронавирустың жылдам тарайтын түрі «үндістандық штамның» таралуымен түсіндірген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM