Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Нұр-Сұлтан ата-аналардың оқушыларға орамал тағуға рұқсат беру туралы өтінішіне жауап берді

KAZAKBOL.COM

Қазақстанда мемлекеттік және жеке мектептерде хиджаб кию заңға қайшы. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов мәлімдеді. Сейсенбі күні жергілікті ақпарат құралдарының оның сөзінен үзінді келтірді.

Жақында бір топ ата-ана президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа мәлімдеме жолдап, қыздарына мектепке хиджаб киіп баруына рұқсат етуге және мектептерде намаз оқитын орын ашуын сұраған. Orda.kz сайтының жазуынша, бастама тобына Нұр-Сұлтан, Алматы және өзге қалаларда тұратын 1640 ата-ана кірген.

Дін істері жөніндегі комитеттің төрағасы Ержан Нүкежанов сейсенбі күні берген жауабында білім және ғылым министрлігінің 2016 жылы 14 қаңтар күнгі бірыңғай мектеп формасы туралы бұйрығына сүйенген.

«Біз ешкімді дініне қарап алаламаймыз. Бізде зайырлы орта мектептер бар. Мектепке баратын кез келген адам білім және ғылым министрлігінің бұйрығын, діни бірлестіктер туралы заң мен Конституция талаптарын орындауы тиіс» деді ол.

Биыл қыркүйектің басында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Qasqa Jol Youtube-арнасына берген сұхбатында мәселені «діни контексте» қарауды жөн көрмейтінін айтқан.

— Мәселе дінде емес. Қазіргі ереже бойынша мектеп формасы туралы талаптарға сәйкес келмейтін киіммен мектепке кіруге болмайды, — деді министр.

Қазақстанда «орамал дауы» осыдан бірнеше жыл бұрын өршіген. Шенеуніктердің айтуынша, мектептерде оқушыларға орамал тағуға тыйым салу діни экстремизммен күресу үшін қажет. Биыл жаңа оқу жылы дәстүрлі форматта басталып, оқушылар офлайн оқи бастағаннан кейін «орамал дауы» қайта қозды.

2017 жылы астана соты орамал тағып, сабаққа кіре алмаған оқушылардың ата-аналарының шағымын қанағаттандырмай тастаған. Кейін түрлі аймақта балаларын мектепке орамалсыз жіберуден бас тартқан ондаған ата-анаға айыппұл салынды.

Өткен айда білім және ғылым министрлігінің басшысы 2021-2022 жылы жаңа оқу жылында балаларға мектепке классикалық үлгідегі киіммен баруға рұқсат етіледі деп мәлімдеген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM