Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Нұрлан Әлімжан өзін «үш баласын тастап кетті» деп сөккендерге жауап берді

KAZAKBOL.COM

Әнші өзінің жарымен

Танымал актер Нұрлан Әлімжан өзінің жеке өміріне қатысты ел арасында жүрген алып-қашпа әңгімелерге нүкте қойып, «балаларын тастап кетті» деп айып таққандарға жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы актер «Астана» арнасының «Сырласу» бағдарламасында айтты.

Бағдарлама барысында жүргізуші әншінің жаңадан шыққан «Қоштасайық» әні туралы әңгімеледі. Оның айтуынша, бұл әнді ол үш баласының анасына арнаған.

«Бұл жаңа әнім елге әлі тарала қойған жоқ. Бірақ оны әлеуметтік желіде тыңдап, маған қолдау білдіріп, әнімді түсініп жатқандар көп. «Қоштасайық» әнінің өзіндік тарихы бар. Ол менің өмірім», — деген әнші өзінің жеке өміріне, әйелі мен бала-шағасының өміріне ешкімнің араласпаса екен деген тілегін білдірді.

Сонымен бірге ол «үш баласын тастап кетті» деп сөккен тыңдармандарына жауап берді.

«Мен туралы түрлі сөздер айтып жатқандар ертең не күйге түсетіні ешкімге белгісіз. Себебі, Алла құдіретті. Ал бұл — менің өмірім, менің құпиям, менің тағдырым. Мен одан құтырып, керемет болып, асып-тасып кеткім келмейді. Ал кімнің басына не беретінін оны құдай ғана біледі. Балалар жайлы айтар болсам, балалар туралы мүлдем сөз қозғамауларыңызды сұраймын. Өйткені балалар — менің ұрпағым, менің қаным, менің жалғасым. Оларға мен өзімнің әкелік материалдық тұрғыдан, рухани болсын, имани тұрғыдан болсын, өзімнің берерімді беріп жүрмін. Барлығы уақыттың еншісінде.

Ал жарымыз жайлы айтатын болсақ, «Қоштасайық» әнін жарыма арнадым. Ол балалармның анасы, оған үлкен құрметпен қараймын, өзінің көзқарасы, принципі бар, жақсы жан. Балалардың бұл жерде еш қатысы жоқ. Ажырасса балалармен ажыраспайды, өзінің жарымен ғана ажырасады. Осыны шатастырмаңыздар», — деді ол.

 

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM