Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Астана шетінде тұрғындар сусыз, жолсыз күн көріп келеді (видео)

KAZAKBOL.COM

Астанадан жиырма шақырым жерде тұратын тұрғындар күнделікті суды қарды ерітіп пайдаланады. Соңғы бес жылдан бері ауыз суды сатып алады. Қоянды ауылының билігі 2021 жылға дейін шыдаңдар, сол кезде орталық су құбыры қосылады деп уәде беріп келеді екен.

Қоянды тұрғыны Тілеужан Қуат күніне төрт рет екі шелек қарды пешке қайнатады. Қар суы ыдыс-аяқ, кір жууға, үй жинауға жұмсалады. «Қар таза емес, сүзгіден өткізгеннің өзінде лайланып тұрады», — дейді ол.

Бұл ауылда көлігі жоқтар ғана қарды ерітіп, пайдаланады. Көлігі барлар орталықтан су тасиды. «Күніне үйге 100-150 литр су тасимын, тек өз отбасыма ғана емес, көршілерге де әкелемін, себебі оларда көлік жоқ», — дейді Сүйімжан Дүйсенов.

Соңғы бес жылдан бері тұрғындар ауыз суды сатып алады. Бір бес литрлік ыдыстағы су 300 теңге (80 цент) тұрады. «Су — тұзды, тағы бір қоспаның дәмі шығады. Меніңше кәріз жүйесінің суы қосылып кетеді. Барлық су бізге келеді», – дейді Бақыт Аяғанов.

Орталық су құбыры тек Қоянды орталығында ғана бар. Тілеужан Қуат орталықтан келетін су құбырын 2021 жылға дейін күтіп отыра алмайтынын айтады. Ол үйін сатуға жарнама беріп қойған. Бірақ сатып алушылар әзірге байқалмайды. Сусыз, жолсыз жағдайда ешкім тұрғысы келмейді.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM