KAZAKBOL.COM

Түркістан облысы Жетісай ауданындағы Қоғалы ауылының тұрғындары «Өзбекстанға тағы да жер беруге» қарсы. Олар жер дауынан қақтығыс шығуы мүмкін деп қауіптенеді. Ал жергілікті билік «Қазақстан Өзбекстанмен жер алмасты» деген уәж айтады.

Жетісай ауданының тұрғыны Нұржамал Реметова бірнеше күн бұрын Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында: «Қазақ-өзбек шекарасы Қоғалы ауылына неге жақындап келеді? Шекараның шегенделгеніне жиырма жылға таяса да кенеттен шекара сызығының қазақ жеріне кіріп кетуіне не себеп болып? Осыны түсіндіріп беретін жан бар ма екен?» деп жазды.

Реметова осы аудандағы Өзбекстанмен шекаралас жатқан Қоғалы ауылындағы туысына барғанын айтады. Ол Азаттық тілшісіне ауыл тұрғындарының қазақ-өзбек шекарасының жылжығанына наразы болып жүргеніне біршама уақыт болғанын айтып берді. Нұржамал Реметованың сөзінше, Қоғалы ауылының жайылым жеріне Өзбекстан жағы жұмыс техникаларын кіргізе бастаған.

Азаттық Қоғалы ауылының бірнеше тұрғынымен және жергілікті әкімдік өкілдерімен сөйлесіп, мән-жайды анықтауға тырысты. Ауыл тұрғындары «жайылымның бір бөлігі мен көлдің Өзбекстанға берілуіне» келіскісі келмейді. Қоғалы ауылының мал дәрігері Дүйсенбек Қалдыбаевтың айтуынша, 2004-2007 жылдар шамасында Қазақстан мен Өзбекстан шекарасы бекітілгенде Қоғалы ауылы бұрыннан пайдаланған мыңнан астам гектар жер Өзбекстанға өткен.

— Ол кезде ауыл тұрғындарының іші ашыса да, түсіністікпен қарады. Өзбекстан 2007 жылы, Қазақстан 2010 жылы шекара сымын тартты. Іс сонымен бітті деп ойлағанбыз. Сөйтсек 2016 жылы «тағы да жер берілетін болды» деген хабар шықты. Халық шулап, көтеріле бастаған соң тоқтап қалған сияқты көрінген, — дейді ол.

Дүйсенбек Қалдыбаевтың сөзінше, соңғы кездері Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекара ортасындағы бейтарап аймақ Өзбекстан иелігіне өткені байқалған. Ол жерді Өзбекстан дереу игеріп, жол салуға кіріскен. Қазақстан шекара бағандарын кей тұстарда ондаған метрге, кейде сексен метрдей ішкері жылжыта бастаған. Ауыл тұрғындары бәрінен бұрын шекараға іргелес жатқан Қоғалы көлі де Өзбекстанға өтіп кете ме деп қауіптенеді.

— Екі жүзге жуық үйі бар Қоғалы – бұрыннан мал шаруашылығымен айналысып келе жатқан ауыл. Қоғалы көлі – қалай болса солай жатқан қорыс емес, малымыз су ішетін көз. Онсыз шаруашылығымыз шатқаяқтайды. Шамамен 20 шақты гектар көлдің табиғаты да тамаша. Қонақ келсе де сонда апарып қыдыртатын демалыс орны, — дейді Дүйсенбек Қалдыбаев.

Қоғалы тұрғындарының сөзінше, «Өзбекстанға тағы да жер беріледі» деген хабар шыққалы ауыл тұрғындары бірнеше рет наразылық танытқан. Алғаш рет 2017 жылы Өзбекстан техникалары жұмыс істей бастағанда тұрғындар жиналып, тоқтатуды талап еткен. «Көп адам жиналған соң» шекара басшылары мен аудан жетекшілері халықпен кездескен.

Дүйсенбек Қалдыбаевтың сөзінше, соңғы кездері Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекара ортасындағы бейтарап аймақ Өзбекстан иелігіне өткені байқалған. Ол жерді Өзбекстан дереу игеріп, жол салуға кіріскен. Қазақстан шекара бағандарын кей тұстарда ондаған метрге, кейде сексен метрдей ішкері жылжыта бастаған. Ауыл тұрғындары бәрінен бұрын шекараға іргелес жатқан Қоғалы көлі де Өзбекстанға өтіп кете ме деп қауіптенеді.

Қазақстан мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау ісіне 1991 жылы кіріскен. Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттік шекарасын делимитациялау процесі 2003 жылы, далалық жұмыстар 2004 жылы сәуірде басталған. 2016 жылы наурызда шекараны демаркациялау бойынша соңғы құжаттар дайындалып, бір жылдан соң Ташкентте екі елдің шекараны демаркациялау комиссиясы кездескен. Екі ел өкілдері дала жұмыстарын жүргізудің 2017 жылға арналған кестесі талқылады деп хабарланған еді.

centralasian.org

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, здесь напишите ваш комментарий!
Пожалуйста, здесь введите ваше имя