Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

БҰҰ Қазақстанға ЛГБТ қауымдастығы құқықтарын заңдастыруға кеңес берді

KAZAKBOL.COM

БҰҰ-ның Экономика, әлеумет және мәдениет құқықтары жөніндегі комитеті Қазақстанға ЛГБТ қауымдастығы өкілдерінің құқықтарын қорғайтын заң қабылдауға кеңес берді.

Бұл заң кемсітудің кез келген түріне шектеу қойып, сексуалдық және гендерлік ерекшелігіне қарай жәбірлеуге тыйым салуы тиіс.

БҰҰ-ның Астанадағы өкілдерінің мәлімдеуінше, елде кемсітудің кез келген түріне тыйым салатын заң жобасы дайындалған. Бірақ оны әзірге парламентке ұсынбаған. Заң жобасы депутаттардың қарауына қашан түсетіні де белгісіз.

Қоғам белсендісі және «Феминита» бастамасының негізін қалаушылардың бірі Гүлзада Сержанның айтуынша, Қазақстанда сексуалдық қалауы мен гендерлік ерекшеліктерінен адамдар әсіресе медициналық мекемелерде және полиция бөлімдерінде жиі кемсітіледі.

Мұндай заңсыздықтар туралы қоғам белсендісі БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 40-сессиясында да айтқан. Қазақстан делегациясының ресми өкілі Тастемір Әбішевтің мәлімдеуінше, ЛГБТ қауымдастығының өкілдері арнайы мекемелерге шағымдануы керек.

Мұндай кеңеске құлақ асуға ЛГБТ қауымдастығының өз ішінде аса құлшынып отырған жоқ. Өз құқықтарын қорғау жөнінде қоғамдық ұйым тіркеудің өзі қиын. Мысалы, «Феминита» бастамасын тіркеуден үш мәрте бас тартқан. Біріккен Ұлттар Ұйымын бұл мәселе ғана алаңдатып отырған жоқ.

БҰҰ комитеті Қазақстанда гендерлік ерекшелік пен сексуалдық қалауына қарай кемсітуге тыйым салатын заңдардың жоқтығы алаңдатады. Соның кесірінен жұмысқа тұру, медициналық мекемеге қаралу кезінде, білім беру саласында кемсіту жиі кездеседі. Бұған қоса комитет лесбилерді, гейлерді, бисексуалдар мен транссексуалдарды қудалау мен шабуылдан сақтайтын арнайы заң қорғанының жоқтығына да алаңдайды.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM