Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Нанның арасында жүрген тышқандардың видеосы жұрттың ашуын тудырды

KAZAKBOL.COM

Скриншот: Ктк арнасы

Павлодарда піскен нан арасында өріп жүрген тышқандардың видеосы жұрттың ашуын тудырды деп хабарлайды КТК арнасы. 

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада бұл азық жергілікті нан-тоқаш комбинатына тиесілі делінген.

Кадрларда піскен нан салынған қорапта тышқандардың қаптап жүргені анық көрінеді. Мұны ұялы телефонға түсіргендер кеміргіштерді қуып, тіпті басып өлтіруге де тырысқан. Енді тұрғындар бұған наразылық білдіріп, комбинатты тексеруді талап етуде.

Ал наубайхана басшылығы видеоның мекемеге еш қатысы жоқ екенін айтып отыр. Өйткені ондағы өнім мен нан салынған ағаш қораптар кәсіпорынға тиесілі емес көрінеді. Бірақ әлеуметтік желілерде тараған бұл ақпараттан соң мекемеге хабарласып, мән-жайды түсіндіруді талап еткендердің қатары көбейген.

Тіпті нан саудасы күрт азайыпты. Жаланың құрбанымыз дегендер енді полицияға арандатушыны табуды талап етіп, арыз түсірді.

«Біріншіден, нан салынған қораптар біздің комбинатқа тиесілі емес. Біздегі әр қорапта мынадай жазу бар және нанымыз қапталмай сатылады. Ал видеодағы нанның бәрі қапталған. Сондай-ақ, ролик түсірілген жерге де назар аударған жөн. Біздің өнімдер жөндеуден өткен таза қоймада тұрады», -дейді Павлодар нан-тоқаш комбинатының директоры Виталий Сартаков.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM