Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

NASA ғарышкерлерді Айға қондыруды 2025 жылға қалдырды

KAZAKBOL.COM

АҚШ-тың Аэронавтика және ғарышты зерттеу бойынша ұлттық басқармасы (NASA) астронавтарды Айға қондыруды 2024 жылдан 2025 жылға шегерді. Бұл туралы Reuters агенттігі NASA басшысы Билл Нельсонға сілтеме жасап хабарлады.

Нельсонның сөзінше, 2024 жылға жейін автронавтарды Айға қондыруға техникалық жақтан мүмкіндік болмай жатыр.

«Бұдан бөлек «Артемида» бағдарламасының басқа кезеңдері де кейінге шегеріліп жатыр. Атап айтқанда, спутниктің экипажсыз Айды айналуы 2021 жылдан 2022 жылдың жаз айларына жылжыса, экипаждың Orion кемесімен Айды айналуы 2023 жылдан 2024 жылға жылжыған» — деді Нельсон.

Оның сөзінше, бұған коронавирус пандемиясы, сонымен бірге сот процесі себеп болған. Осыған дейін Джефф Безосқа тиесілі Blue Origin компаниясы Илон Масктың SpaceX компаниясына берілген Айға қону модулін істеп шығуы бойынша сотқа шағымданған.

«Сот процесіне жеті ай уақытымызды жоғалттық. Осы аралықты миссияға дайындық жұмысымызды бастауымыз керек еді», — деді Нельсон.

«Артемида» – АҚШ үкіметі қаржыландыратын Айға адамдарды жөнелту бойынша NASA бағдарламасы. Оған америкалық жеке компаниялар, Еуропаның ғарыш агенттігі, Жапония, Канада, Австралия, Ұлыбритания, Италия, Біріккен Араб Эмираттары, Люксембург және Украина кіреді.

Осыған дейін NASA негізгі мақсат адамды Айға Қытайдан бірінші болып қондыру екенін бірнеше рет айтқан. Бүгінде ғарыш бағдарламасын белсенді түрде дамытып жатқан Бейжің осыған дейін Марс бетіне зерттеу аппараттарын қондырып, Айға зондтарын жөнелткен.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM