Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

NASA: озон қабатындағы тесік кішірейді


Оңтүстік полюсті жауып тұрған озон қабатындағы тесік кішірейген деп хабарлады NASA. Бұл тесік алғаш рет 1980-жылдары анықталған еді.

Аэроғарыш агенттігінің мәліметі бойынша, Жердің озон қабатындағы тесіктің қазіргі көлемі — 9,3 млн текше шақырым. Әдетте, қыркүйектің аяғы мен қазан айының басында оның көлемі 20,7 млн шаршы шақырымға дейін ұлғаяды.

«Жақсы жаңалық. Жартышарды озон қабаты жапқан, соның нәтижесінде ультракүлгін сәулелер деңгейі азаяды» деді NASA ғалымы Пол Ньюман.

Стратосферадағы озон қабаты Күннің зиянды ультракүлгін сәулелерінің бір бөлігін ұстап қалады. Мұндай сәуле тері обыры, катаракта, иммунды жүйедегі кеселдер туғызып, өсімдіктерге зиян тигізеді.

Ғалымдар озон қабатындағы тесіктің кішіреюіне адамзаттың зиянды түтіндерді азайтуға талпынысы мен ауа райының өзгеруі себеп болды деп отыр.

https://www.centralasian.org/a/30231993.html

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM