Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

НАСА Шолпанға екі зерттеу миссиясын жолдайды

KAZAKBOL.COM

Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқарма (НАСА) Шолпанға екі зерттеу миссиясын жіберетінін жариялады. Жаңа миссиялар планета атмосферасы мен геологиялық ерекшелігін зерттейді.

Миссиялардың мақсаты — Күнге жақын орналасқан екінші планетаның Жерге ұқсас бола тұра неге қатты ыстық екенін анықтау, деді НАСА-ның жаңа жетекшісі Билл Нельсон.

«ДАВИНЧИ Плюс» деп аталатын миссия Шолпанның бұлтты атмосферасының тығыздығын зерттеп, бұрын бұл планетада Мұхиттар мен органикалық тіршілік болған-болмағанын анықтайды. АҚШ Шолпанды зерттеуге арналған соңғы миссиясын 1978 жылы жолдаған.

Жаңа миссиялардың бірі «ВЕРИТАС» деп аталады. Ғалымдар соның көмегімен Шолпанның геологиялық тарихын зерттеп, планетаның Жерге қарағанда басқаша даму себебін анықтайды.

«Біз Шолпан туралы өте аз білеміз. Сол себепті жаңа миссиялар планетаның көмірқышқыл газдан тұратын атмосферасынан бастап ядросына дейін зерттеуге көмектеседі. Біз жаңа планета ашқандай әсерде боламыз», — деп мәлімдеді НАСА-ның ғылыми зерттеушісі Том Вагнер.

Миссияның әрқайсына 500 миллион доллардан жұмсалады. Ғылымы сапарлар 2028 – 2030 жылдары жүзеге асырылады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM