Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

НАТО бас хатшысы: Украинадағы соғыстың қалай аяқталатынын өнеркәсіп қуаты шешеді

KAZAKBOL.COM

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергтің пікірінше, батыс елдері Украинадағы соғыстың ұзаққа созылуына дайындалуы керек, себебі жанжал шешілетін түрі жоқ. Бұл туралы The Guardian газеті хабарлады.

Солтүстік альянс басшысы Украинадағы әскери қимылдарды «титықтату соғысы» деп атап, Батыс елдерін Украинаға қару-жарақты көбірек жеткізу үшін өнеркәсіп қуатын арттыруға шақырды. «Қару-жарақты қолдану жылдамдығы өнеркәсіп жылдамдығынан артығырақ болып тұр», — дейді НАТО бас хатшысы.

Сол себепті батыс елдері, ең алдымен АҚШ, Ұлыбритания, Франция және Германия Украинаны қарумен көп уақыт қамтамасыз етуге дайын болуы тиіс, деп есептейді Столтенберг.

Оның айтуынша, соғыстың қалай аяқталатынын «өндіріс қуатындағы бәсекелестік пен ұзақ уақыт қолдау көрсету мүмкіндігі шешеді».

Украинаға АҚШ пен басқа да елдер әскери көмек көрсетіп отырғанына қарамастан, әлі де болса Ресей агрессиясын тойтаруға күш пен қару жетпей жатыр, деп жазды The Washington Post.

«Уақыт Ресейге жұмыс істейтіні анық. Оның ауқымды майданда ұзақ соғысуға сарбазы мен материалдық ресурсы жеткілікті. Украинада ондай мүмкіндік жоқ. Қару тез жеткізіліп тұрмаса, Украинаның Ресей жетістіктеріне тойтарыс беруі қиындай түседі», — деп есептейді Атлантикалық кеңес сарапшысы Рэйчел Риццо.

Мәселе қару-жарақты тез жеткізуде ғана емес, мәселе Украинаның бірқатар талаптарының орындалмауында болып отыр. Украинаға совет танкілері мен артиллериясына төтеп беру үшін жойғыштар, ұшаққа ұшатын реактивті артиллериялар қажет, деп жазды басылым.

Осы аптада Еуропа одағының елдері Украинаға 12 айда 1 миллион артиллериялық оқтұмсық жеткізу жөнінде шешім қабылдады. АҚШ мемлекеттік департаменті де Украинаға 350 миллион доллардың кезекті әскери көмегін беретінін мәлімдеді. Әскери көмек пакетіне HIMARS жүйесінің жарақтары, гаубицалар, танкілерге қарсы қару және НАТО-ның басқа да артиллериялары кіреді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM