Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

НАТО: Кабул әуежайынан 18 мыңнан астам адам эвакуацияланды

KAZAKBOL.COM

НАТО күштері Кабул әуежайынан 18 мыңнан астам адамды эвакуациялады, деп хабарлады Рейтер. Агенттік Солтүстікатлантикалық альянстағы жоғары лауазымды шенеуніктің сөзіне сүйенді. Оның айтуынша, эвакуация 15 тамызда, «Талибан» қозғалысының содырлары Кабулға кіргеннен кейін басталған.

Ауғанстаннан кетуге үмітті мыңдаған адам Кабул әуежайында жүр, деді НАТО шенеунігі.

Бұның алдында НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг тәліптерді Ауғанстан тұрғындарын қауіпсіз экавуациялауды қамтамасыз етуге шақырған.

АҚШ билігі Кабул әуежайынан шамамен 7 мың адамды эвакуациялағанын хабарлады. Пентагонда өткен брифингте генерал Хэнк Тейлор осылай деп мәлімдеді. «14 тамызда басталған эвакуациялау операциясы барысында біз әуемен шамамен 7 мың адам адамды көшірдік», — деді ол.

Тейлордың айтуынша, өткен тәулікте әуежайдан бортында 2 мың адамы бар 12 рейс ұшқан.

Пентагонның мәліметіне қарағанда, қазір Кабул әуежайында 5200 америкалық жауынгер бар.

АҚШ қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, тәліптер шетелдіктерді эвакуациялауға қолғабыс еткісі келетін секілді. Дегенмен, «Талибан» содырларының әуежайды қоршап алып, оған ауған азаматтарының жібірмей тұруы халық арасында үрей туғызды.

Адамдар билігі содырлардың қолына өткен елден кеткісі келеді. Соңғы мәліметтерге қарағанда, әуежай маңындағы атыс пен арпалыстан 12 адам қаза тапты, олардың арасында 14 жастағы бір қыз бар. Ол ата-анасынан көз жазып қалып, кпөшіліктің аяғының астында қалған. Қайтыс болған қыздың есімі — Марзия Рахмати. Оның туыстары көрші Тәжікстанға баруға виза алған. Марқұмның туыстары қыздың суретін интернетте жариялады. Сол арқылы олар ауған халқының ауыр қайғысына назар аудартқысы келген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM