Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

НАТО Ресейді террористік мемлекет деп тануға шақырады

KAZAKBOL.COM

НАТО-ның парламенттік ассамблеясы 21 қарашада резолюция қабылдап, альянс мүшелерін «Ресейдің қазіргі режимін террористік деп тануға» шақырды.

Құжатта сонымен бірге Ресей агрессиясы бойынша арнайы Халықаралық трибунал құру ұсынылған.

«Ресей басшылары адам сенгісіз варварлыққа барып, тұрғындар мен инфрақұрылымдарға қарсы соққы жасап, нағыз террористер ретінде әрекет етіп жатыр. Біз оларды террористер ретінде халықаралық трибуналдарда соттауымыз керек», – деп мәлімдеді НАТО парламент ассамблеясының жаңадан сайланған төрайымы Жоэль Гарьо-Майлям.

Осыған дейін дәл осында резолюцияны ПАСЕ, Эстония, Латвия, Литва, Польша және Чехия қабылдаған.

Украина да Ресейді террористік мемлекет деп тануға шақырған. Сол кезде АҚШ әкімшілігі Ресейді толығымен терроризмге демеушілік жасап отырған мемлекет деп тануға әзір дайын емес екенін, бірақ қарым-қатынас жасауды толығымен тоқтату мүмкіндігін қарастыратынын мәлімдеген. Франция президенті Эммануэль Макрон да қарсы болған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM