Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

НАТО Украинаны қолдауды жалғастырады, бірақ әскерін жібермейді

KAZAKBOL.COM

НАТО-ға мүше елдер басшыларының 24 наурызда Брюссель қаласында өткен саммитінде Солтүстік атлантикалық ұйымның Орталық және Шығыс Еуропадағы мүшелерінің қауіпсіздігін күшейту жөнінде шешім қабылданды.

Оған сәйкес, Болгария, Румыния, Венгрия және Словакияда халықаралық төрт әскери топ құрылады.НАТО қорғанысқа бюджетті көбейтпек. Альянс Украинаға биологиялық, химиялық, ядролық қауіптен қорғанатын құралдар бермек. НАТО Қытайды Ресейге әскери және санкцияларды жеңілдететін көмек бермеуге шақырды.

Саммиттен кейін баспасөз жиынын өткізген ұйымның бас хатшысы Йенс Столтенберг НАТО Украинаны қолдауды жалғастырып, қару-жарақ беру жөнінде шешімге келгенін мәлімдеді. Жанжалдың күшейіп кетудің алдын алу үшін НАТО Украина аймағына әскер кіргізбеу жөнінде бұрынғы ұстанымында қалғанын атап өтті.

Украина президенті Владимир Зеленский саммитте видео байланыс арқылы үндеу жасап, Солтүстік атлантикалық ұйымды Ресей агрессиясымен күресіп жатқан Киевке қолдау көрсетуге шақырды. Ол ұйымдағы танктер мен ұшақтардың жоқ дегенде 1% болса да Киевке беруін өтініп, украин әуе кеңістігін жабуды сұрады.

НАТО альянстың бас хатшысы Йенс Столтенбергтің өкілеті 2023 жылдың 30 қыркүйегіне дейін ұзартылды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM