Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Науқас балаларынан құтылмақ болған ана оларды тышқан уымен өлтірмек болды

KAZAKBOL.COM

Ресейдің Свердловск облысында 38 жастағы Елена Кордюкова екі баласын улап өлтіріп, тағы біреуін өлтіруге әрекеттенді деп айыпталуда. Бұл туралы NUR.KZ порталы ru.oxu.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кордюкова 2015 жылы дәрігерлер оның сегіз жасар ұлын тышқан уынан құтқарып қалғанында қамауға алынған болатын. Белгілі болғандай, ол баласына тышқан уы қосылған «Варфарин» препаратын беріп отырған.

Сонымен қатар әйелдің тағы үш баласы бірінен соң бірі үш жасқа дейін жетпей қайтыс болғаны анықталады. Олардың бәрі «гемолитикалық-уремиялық синдром» атты ауыр дертке шалдыққан екен.

Эксгумация жасалғаннан кейін әйелдің екі баласын тышқан уымен улап өлтіргені анықталды. Өз әрекетіне түсініктеме берген Кордюкова балаларын емдеуден шаршағанын алға тартқан.

Енді ол 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM