Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР, «Қар барысына қолдау көрсет!» республикалық фестивалі

KAZAKBOL.COM

2018 жылдың 23 қыркүйегінен 23 қазанына дейін Қазақстанда «Қар барысына қолдау көрсет!» республикалық фестивалі өтіп жатыр. Фестивальдің мақсаты – қоғамды қар барысы популяциясын сақтау қажеттілігі туралы хабардар ету.

Қар барысы, немесе оның басқа атауы ілбіс – әрбір қазақстандық үшін ерекше жануар. Бұл Қазақстан Республикасының символы, сонымен қатар ол Алматы қаласының таңбасында бейнеленген. Қазақстанда ілбіс Тянь-Шань, Жетісу (Жоңғар) Алатауы, Тарбағатай, Сауыр, Алтай тау сілемдерін мекен етеді.

«Қар барысына қолдау көрсет!» республикалық фестивалі бүкіл әлемде жыл сайын 23 қазанда атап өтілетін Халықаралық қар барысы күні аясында өткізілуде.

Фестиваль ұйымдастырушылары – Қазақстандағы БҰҰ-ның Даму бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті – осы тақырыпқа арналған іс-шараларға қатысуға шақырады.

Осылайша, 23 қыркүйекте «Қар барысын бірге сақтап қаламыз!» атты балаларға арналған сурет байқауы басталды.

22 қазанда Астана қ. «Барыс Арена» стадионында «Барыс» хоккей клубының қолдауымен «Қар барысына қолдау көрсет!» арнайы іс-шарасы өтеді.

27 қазанда Шымкент қ. фестивальдің қорытындысы жарияланып, балаларға арналған байқаудың жеңімпаздары марапатталады, сондай-ақ, сурет байқауы қатысушылары көркем туындыларының көрмесі ұйымдастырылады.

Сарапшылардың мәліметінше, бүкіл әлемде 3 мыңнан 7 мыңға дейін қар барысы бар деп саналатынын еске салайық. 1980-ші жылдары Қазақстанда қар барысының саны 180-200 аралығында болса, қазіргі кезде – 110-130 бас барыс бар деп есептеледі.

БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы Жобасының Менеджері Талғат Кертешевтің айтуынша, осы күнге дейін бұл түрді аман алып қалу бойынша жасалған шаралар жеткіліксіз болған. Қазақстан халқының басым бөлігі, өкінішке орай, қар барысының бар екендігі және оның жоғалуға шақ қалуының себептері туралы біле бермейді. Ал қар барысы популяциясының ахуалы экожүйенің жалпы «саулығын» байқатады. Мұндай фестивальді өткізу – аталған мәселені өзектілігін көрсететін қадамдардың бірі.

Байқауға қатысу үшін 7-10, 11-14, 15-18 жас аралығындағы балғын суретшілер «Қар барысын бірге сақтап қаламыз» тақырыбына арналған көркем туындыларын Ұйымдастыру комитетіне жіберуі қажет, байқауға қар барысының өзі және қар барысының экожүйесі (мекен ететін ортасы) бейнеленген суреттер (кескіндемелер, графика) қабылданады. Байқау туралы қосымша ақпаратты Қазақстандағы БҰҰДБ www.undp.kz ресми сайтынан және БҰҰДБ Facebook-тегі ресми парақшасынан алуға болады.

****

Қар барысы – сұлу айбынды аң, біздің елдегі мысықтұқымдастар өкілдерінің ең ірісі. Сирек кездесетін түр ретінде қар барысы IUCN – Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл тізіміне, CITES Конвенцияларының қосымшаларына (Жабайы фауна мен флораның жоғалып кету қаупі төніп тұрған түрлерді халықаралық сату туралы конвенция), Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. 2013 жылы Бішкек қаласында Ілбісті аман алып қалу бойынша бүкіләлемдік форумда осы сирек жануар мекен ететін 12 елдің – Ауғанстан, Бутан, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Непал, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан өкілдері бүкіл әлемдегі Қар барысы күнін 23 қазан күні атап өту туралы шешім қабылдады.

****

Қосымша ақпарат алу үшін, Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының Жобасына хабарласуыңызды өтінеміз, байланысушы тұлға: Белгібаева Арай – жобаның бас сарапшысы, тел.: +7 777 749 4407, e-mail: snowleopard_contest@mail.ru

Байланысқа арналған қосымша телефон: + 7 777 999 1777.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM