Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Назарбаев: «Астана аймақтағы басты қаржы орталығы болуы тиіс»

KAZAKBOL.COM

Елордада «Астана халықаралық қаржы орталығы» ресми түрде ашылды.

Оның ашылу салтанатына қатысқан Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мұны «экономиканы орнықты дамытудағы маңызды қадам» деп атады.

Оның сөзінше, қаржы орталығының қазақстандық моделінде әлемдік қаржы орталықтарының «ең үздік тәжірибелері» негізге алынған.

Назарбаев қазақстандық және шетелдік бизнесмендерді Астанадағы қаржы орталығының жұмысына қатысуға шақырды. Ол Астана «аймақтағы ең басты қаржы орталығы болуы тиіс» деп санайды.

«Астана халықаралық қаржы орталығы» президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнімен сай келетін Астана күні қарсаңында ашылып отыр. Қаржы орталығын құру бастамасын Назарбаев 2015 жылы көтерген. Орталық Астанада 2017 жылы өткен ЭКСПО көрмесіне салынған ғимараттарға орналасады.

Астанада қаржы орталығын құру үшін «Астана халықаралық қаржы орталығы туралы» заң қабылданып, Конституцияға өзгеріс енгізілген. Ол бойынша, қаржы орталығы аумағында ағылшын құқығының күші жүреді.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM