Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Назарбаевтың баспасөз хатшысы экс-президенттің Түркиядан «демалыстан» оралғанын хабарлады

KAZAKBOL.COM

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter’де Назарбаевтың Түркиядан «демалыстан» оралғанын хабарлады.

«Нұрсұлтан Назарбаев демалыстан оралды, ол Түркияда туыстары мен жақындарының ортасында болды» деп жазды Үкібай.

Баспасөз хатшысы сонымен бірге «демалыс кезінде бірінші президент шетелдің ресми тұлғалары мен бизнес өкілдерімен кездеспегенін» айтты.

Бұған дейін кейбір бейресми ақпарат көздері бұрынғы президент Түркияда ЛДПР партиясының жетекшісі Леонид Слуцкий және өзге де Ресей кәсіпкерлерімен кездескен болуы мүмкін деп жазған.

Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркияға барғаны туралы ақпарат туған күні қарсаңында шыққан. ҚазТАГ-тың жазуынша, шілде басында Назарбаев ұшып жүрген мемлекеттік «Беркут» әуе компаниясына тиесілі Airbus A320 Neo ұшағы түріктің Бодрум қаласына қонған.

Соңғы бірнеше айда Назарбаев Түркияға алғаш рет барып отырған жоқ. 9 наурызда экс-президент Антальяда болды.

Қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстанда Назарбаевтың ықпалы әлсірегені жайлы хабар жиілеген. Конституцияға түзету енгізу бойынша 5 маусымда өткен референдумнан кейін Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасына артықшылықтар мен түрлі жеңілдіктер беріп келген «бірінші президент туралы» заңның күші жойылды.

Қаңтар оқиғасынан кейін Назарбаев алғаш рет көпшілік алдына 18 қаңтарда «қарапайым зейнеткер» ретінде шыққан.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM