Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Үндістанға заңсыз алтын тасыған 28 түркімен ұсталды

KAZAKBOL.COM

Нью-Дели қаласындағы Индира Ганди атындағы халықаралық әуежайда Үндістанның кеден департаментіндегі барлау қызметі Түркіменстанның 28 азаматын ұстады. Олар 19 келі алтынды контрабандалық жолмен өткізбек болған. Бұл туралы үндістандық ақпарат құралдары хабарлады.

«The Indian Express» басылымының хабарлауынша, оқиға 6 мамырда болған. Түркіменстан азаматтарынан алынған алтынның жалпы құны — 60 млн үнді рупий.

«Кеден қызметінің комиссары Амандип Сингх азаматтардың ұсталғанын растады. Біздің дереккөздің мәліметі бойынша, әуежайдың барлау қызметіне «Түрік әуе байланысы» ұшағымен Делиге 23 адамнан тұратын банда бара жатыр деген ақпарат түскен», деп жазды басылым.

Ұшақ әуежайға қонған бетте арнайы қызмет жолаушыларды тексеріп, 23 түркіменстандықты ұстаған. Олардың барлығы үстеріне алтын әшекейлерді көптеп тағып алған.

«Олар бұған дейін де Делиге келгені анықталды. Соңғы мәрте шамамен жеті келі алтынды контрабандалық жолмен өткізіп, олардың барлығын бір кәсіпкерге сатқан», — деп жазды басылым. 23 азаматтан жауап алу барысында басқа бір ұшақпен тағы бес азамат алтын әкеле жатқаны анықталған. Полиция оларды да қолға түсірген.

Тергеу жалғасып жатыр. Түркіменстан азаматтарының әрі қарайғы тағдыры туралы әзірге ешқандай хабар жоқ.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM