Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Үндістандық қыздың асқазанынан дәрігерлер 150 тірі құрт алды (фото)

KAZAKBOL.COM

Асқазынан құрт шыққан қыз. Фото: fishki.net

Үндістандық дәрігерлер Чандаули қаласы, Уттар-Прадеш штатының 22 жастағы тұрғынының асқазанынан 150 тірі құрт алған деп хабарлайды fishki.net сайтына сілтеме жасап NUR.KZ. 

Неху Бегам есімді емделуші қыз бір ай бойы ішінің қатты бүріп ауырып, жүрегі айни бергенін айтқан. Жергілікті дәрігерлер қызға сәтті ота жасап, құрттарды алды деп хабарлайды Metro.

KG Nanda Hospital емханасының дәрігері Ананд Пракаш Тивари ешқашан мұндай жағдайды кездестірмегенін айтады.

Қыздың ішінен шыққан құрттар.Фото: fishki.net

«Мен үшін бұл таңғаларлық жағдай болды. Мұндай нәрсе болады деп мүлдем ойлаған емеспін», — дейді ол.

Неху Бегамның айтуынша, оған диагнозды бірден қоймаған.

«Бірнеше емханада маған іш аурудың дәрісін жазып берді. Ештеңенің көмегі болмады. Мен түнімен ұйықтай алмай, қатты азап шектім «, —дейді емделуші.

Ота кезінде KG Nanda Hospital қызметкерлері қыздың асқазанынан әрқайсысының ұзынды 10 сантиметрді құрайтын 150 құрт алған. Бір қуанатын жай, құрттарды қыздың миына кірмей тұрып, алып тастады.

Асқазынан құрт шыққан қыз. Фото: fishki.ne

Тиваридің айтуынша, қыздың ішінде құрттардың пайда болуына тазалықтың сақталмауы себепші болған.

«Мұндай жағдайға жолықпас үшін фильтрден өткен таза суды ғана ішіп, жеміс-жидектерді жуып жеу. Өкінішке орай, біздің елде бұл ережелер көп сақталмайды», — дейді дәрігер.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM