Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Әндіжанда сегіз жастағы қызын әкесі қылқындырып өлтірген

KAZAKBOL.COM

Өзбекстанның Әндіжан облысында жергілікті тұрғын Диербек Юлдашев сегіз жастағы қызы Севараны өлтірді деген айыппен ұсталды. Құқыққорғау мәліметіне қарағанда, ер азамат қызды қылқындырып өлтіріп, денесін арыққа тастаған.

23 қазанда жоғалып кеткен Севара Юлдашеваның денесі 2 желтоқсанда табылды. Оның өліміне 27 жастағы әкесі Диербек Юлдашев кінәлі деп отыр.

Тергеу кезінде ол кінәсін мойындаған.

Мәліметтерге қарағанда, Юлдашев жалғыз қызына алимент төлемеу үшін өлтірген болуы мүмкін. «Диербектің ажырасып, басқаға үйленгеніне екі жыл өтті. Ол жалғыз қызына алимент төлейтін», – деді жергілікті тұрғындардың бірі.

Туыстары да солай деп есептейді. Бірақ құқыққорғау органдары қылмыс мотивін құпия сақтап отыр. Қасақана кісі өлтіру қылмысына байланысты іс қозғалды.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM