Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Не ақтасын, не атып тастасын!» Қаңтарда қаза болғандардың туыстары бас прокуратураға келді

KAZAKBOL.COM

Қаңтар оқиғасында жақындарынан айырылған Алматы қаласы мен облысында тұратын төрт әйел бала-шағасымен бірге 9 қарашада талаптарын айту үшін бас прокуратураның Астанадағы бас кеңсесіне келді. Төрт әйел жетектеген сегіз баланың екеуі – екі айлық нәресте. Оларды аналары құшақтап көтеріп жүрді.

Наразы әйелдер биліктен материалдық өтемақы, баспанамен қамтамасыз етуін сұрады. Бірі Қаңтарда қаза тапқан күйеуін ақтауды талап етті. Оларды кезекші прокурорлар қабылдағаны хабарланды.

– Жолдасым Қуат Русланұлын 6 қаңтарда көлігімен келе жатқан кезде атып тастаған. Ол кезде мына қызым ішімде еді. Төрт баламмен қалдым. Қазір күйеуімді айыптап отырған жоқ. Іс жабылды. Маған өтемақы төлеуін талап етіп отырмын. Күйеуіме ескертусіз оқ атқан. Ол ештеңеге қатыспаған. Талғар ауданында тұрамыз. Ол кезде интернетті бәрін өшіріп тастаған еді. Қалада не болып жатқанын біліп те үлгерген жоқпыз. Ұлым әкесіне жиі хабарласатын. Сол кезде хабарласқан кезде бейтаныс адам телефон тұтқасын көтеріп, «жолдасыңыз жан тапсырды» деді. Олардың күйеуімді өлтіруіне хақысы жоқ! — деді Астанаға Алматы облысынан келген Айгүл Ахметжанова. Оның жанында кәмелетке толмаған төрт баласы болды.

Наразы әйелдердің арасында Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылынан келген Әлияна Сәкенқызы да болды. Өзінің айтынша, Қаңтар оқиғасында күйеуі оққа ұшқан. Бастапқыда марқұм күйеуіне «терроризм», «әкімдіке ғимаратына шабуыл», «жаппай тәртіпсіздікке қатысу» баптары бойынша айып тағылған. Кейін «жаппай тәртіпсіздікті» қалдырып, қалғанын жауып тастаған. Жақында «жаппай тәртіпсіздікті» «бейбіт жиын өткізу тәртібін ұйымдастырумен» алмастырғаны белгілі болған.

«Енді оған амнистия қолданамыз деп жатыр. Өлген адамға қандай амнистия? Оны кешіретіндей ол қандай да бір қылмыс жасады ма? Өздері өлтіріп, өздері амнистия жариялап отыр. Менің талабым – оны толық ақтасын. Бұл жерге үш баламмен келдім. Не ақтасын, не мені де осы жерде атып өлтірсін. Қайта-қайта келетіндей жағдай жоқ. Шаршадық» деді Әлияна Сәкенқызы.

Бас прокуратура өкілдері бала-шағасымен келген төрт әйелді ішке кіргізді. Бірақ олардың кіммен кездескені әзірге белгісіз. Әдетте прокуратураға кіргізгенде телефондарын сыртта алып қалады.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі Азаттыққа оқиғаға байланысты комментарий беретінін жеткізді. Әзірге хабарлама түскен жоқ.

Кемінде 238 адамның өмірін қиған Қаңтар оқиғасынан кейін елде «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры құрылып, қор қаза болған күштік құрылым қызметкерлерінің отбасыларына және ауыр жараланған күштік құрылым өкілдеріне, кездейсоқ қаза тапқандардың жақындарына өтемақы берілетіні айтылған. Қордың мәліметінше, кімге, қанша ақша бөлінетіні туралы шешімді бас прокуратурадан келіп түскен ақпаратқа сай қамқоршылық кеңес қабылдайды. 4 қараша күнгі мәлімет бойынша, қор осы уақытқа дейін 228 адамға жалпы сомасы 1 млрд 120 млн теңге бөлген.

Елдегі белсенділер мен құқық қорғаушылар тергеу амалдарының жүріп жатқанына он айға жуықтаса да халыққа оқ атқан адамдар жазасыз қалды деп санайды. Олар Қаңтар оқиғасын тергеуге халықаралық сарапшылар араласқанын қалайды, алайда билік мұндай ұсыныстан бас тартқан.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM