Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Новосибирск қаласында мигранттар өзбек Тамерланның қылмыстық тобын базардан қуды

KAZAKBOL.COM

Куәгерлердің мәліметі бойынша, Новосибирск қаласындағы базарда жұмыс істейтін еңбек мигранттары олардан ақша бопсалаған Тамерлан есімді дөкейге қарсы шықты. Кейбір мәліметке қарағанда, Тамерлан – Өзбекстан тумасы.

Тамерлан басқарған қылмыстық топ екі жылдан бері ақша бопсалаумен, қарақшылықпен айналысқан. Жәбірленушілер бірнеше мәрте құқық қорғау органдарына жүгінген, бірақ одан ешқандай нәтиже шықпаған.

Базардағы жанжал 4 қазанда басталып, үш күннен соң жаппай төбелеске ұласқан. 7 қазанда Тамерлан базарға он қарулы серігін ертіп келген. Бұл адамдар бетін тұмшалап, автомат асынған.

Новосибирск қаласындағы қырғыз диаспорасының басшысы Жаркынбай Тойтуковтың айтуынша, базар жұмысшылары қылмыстық топқа таспен қарсы шыққан.

«Олар еңбек мигранттарын тағы да тонауға келген. Автомат асынған 12 адам болған. Жүзге жуық адам оларды ығыстырып шығарып, көліктерін өртеп жіберді. Үш-төрт адамға резіңке оқ тиді. Олар базарға қайта шықты. Қылмыстық топтың бірнеше мүшесі ұсталды. Басшысы бостандықта жүр», — деді Тойтуков.

Ресей басылымдарының хабарлауынша, жаппай төбелеске 200-ге жуық адам қатысқан, елу шақты адам ұсталған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM